Ресей көпжылдық мобилизацияға дайындалып жатыр.
Ресей билігі армия қатарын тағы 350 мың адамға көбейту жоспарының аясында әскери міндеттілерді іздеу мен қадағалау жөніндегі әскери мүмкіндіктерді түбегейлі кеңейтуді ойластыруға кірісті.
РФ Қорғаныс министрлігі алдағы жылғы 1 қаңтардан бастап тұрғындар мәліметтерінің бірыңғай тіркеліміне кіре алады. Бұған Үкіметтің 23 желтоқсанда жарияланған қаулысы жол ашып беріп отыр. Бұл туралы The Moscow News хабарлады.
2020 жылдан бері жүргізіліп келе жатқан тіркелімге салық есебінің, Зейнетақы қорының, МӘМС қорының және еңбекпен қамтудың деректері жинақталған ақпарат (аты-жөні, туған уақыты және құжатының идентификаторы) базасынан бөлек, енді Ішкі істер министрлігі, Федералды салық қызметі мен Еңбек министрлігі кіреді.
Бұларға сондай-ақ әскер жасындағы азаматтардың паспорттық мәліметтерінен басқа, білімі мен мамандығы жайындағы деректер де қосылып жатыр. Тіпті АХАЖ-дағы барлық мағлұматтары да осында болады.
Әскери комиссариаттар мұндай қолжетімділікке КСРО кезінде, 1941 жылғы мобилизация тұсында бірінші рет жеткен екен. Одан кейінгі кезек енді келіп тұр.
Ресейдегі бірінші мобилизациядан кейін армия қатары 1,1 млн адамнан 1,15 млн-ға дейін жетті. Шын мәнінде, РФ Қарулы күштері сапында қазір 900 мың әскери қызметкер бар. Бұған қоса, Украинамен соғыста 100 мың жауынгер опат болған. Жараланып саптан шығып қалғандар да аз емес. Сондықтан Путин бір жағы осы олқылықтың орнын толтыруды да көздеп отырған көрінеді.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…