Ресей президенті Владимир Путин Астанада өтіп жатқан Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің (АӨСШК) VI саммитінде сөз сөйледі.
Владимир Путин қазір жаһандық саясатта Азия шешуші роль атқара бастағанын айтты.
Жаһандық саясатта күрделі өзгерістер болып жатыр. Әлем көп полярлы сипатқа ие болып, Азия шешуші роль атқара бастады. Жаңа билік орталықтары құрылып жатыр. Мұнда ШЫҰ, АСЕАН, ЕЭК маңызды роль атқарады. Барлық осы процеске Ресей де қатысты,
деді Ресей президенті.
Ол Азияның дамуы мен өркендеуін және осы мақсатта өзара тиімді сауда және инвестициялық ынтымақтастық үшін кең ашық кеңістік құруды жақтайтынын білдірді. Оған қоса, Ресей тауарларды жеткізу тізбегін қалпына келтіру жолындағы барлық заңсыз жасанды кедергіні жоюға шақырады.
деді Владимир Путин.
Ресей басшысы есептеулерде ұлттық валютаны пайдалану қажет екенін, бұл елдер егемендігін нығайтады деп есептейді.