Путиннің 22 вагоннан тұратын құпия пойызы

Ресей Президенті Владимир Путиннің арнайы құпия пойызында не бар екені белгілі болды. Теміржол транспорты 22 вагоннан тұрады, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Құпия пойыз туралы мәліметті «Досье» орталығы, CNN, Süddeutsche Zeitung, Westdeutscher Rundfunk және Norddeutscher Rundfunk басылымдары бірлесіп зерттеген. Азаттықтың жазуынша, 3 вагонның өзі ресторан екен.

Зерттеу кезінде Ресей федерациясының күзет қызметінің, Ресей темір жолы компаниясы мен оған қатысы бар құрылымдардың құжаттары пайдаланылған. Олардың арасында президентке спорт-сауықтыру вагонын дайындаған «Цикрон Сервис» компаниясы да бар. Вагонның ішінде косметолог кабинеті, жаттығу залы мен хаммам барын анықтаған. Косметологтың кабинетінде өзге заттарға қоса жасанды тыныс аппараты (ИВЛ) мен өкпеге ауа баруға көмектесетін, қан қысымын, жүрек соғысын бақылауға арналған және басқа да медициналық құрал-саймандар бар, кабинет жасырын тыңдалмайтындай етіп жабдықталған деп жазады зерттеу авторлары.

Оған көрші бөлмедегі жаттығу залында татами, салмағы сезгіз келі гантельдер және басқа да спорт құралдары бар. Барлық вагондарда теледидарлар каналдары біркелкі реттелген. Президент пойызында барлығы 22 вагон болғанымен олардың бәрін бірдей пайдаланбайды. Әдетте Путин сапарға шығатын пойызда оншақты вагон болады. Сегіз вагон совет кезінде немесе Совет одағы тарағаннан кейін көп уақыт өтпей жасалған. Бұлар негізінен гараж, байланыс торабы, дизель электр станциясы орналасқан техникалық вагондар және вагон-ресторандар. Путиннің жеке өзіне арналған вагондар 2004 жылдан бастап жасала бастаған. Зерттеуші журналистердің қолына түскен келісім-шарттарға қарағанда, 2014 жылдан бері арнайы пойызды күтіп-баптап ұстауға бюджеттен 1,45 миллиард рубль жұмсалған.

Арнайы пойыз кімнің меншігінде екені белгісіз. Кейбір вагондарда Путиннің досы Юрий Ковальчукке қатысы бар «Гранд Сервис Экспресс» компаниясының белгісі бар. «Циркон Сервиса» құжаттарына қарағанда, меншік иесі бірнешеу сияқты. Мысалы, екі вагон Ресей теміржолы компаниясына, тағы екі вагон Федерациялық қауіпсіздік қызметінің тапсырыстарын орындайтын және Путин пайдаланатын «Ресей» арнаулы тобының ұшақтарына қызмет көрсететін «Вемина Авиапрестиж» компаниясына тиесілі деп көрсетілген.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago