Самарқандта (Өзбекстан) өтетін Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының (ШЫҰ) саммитіне қатысушы мемлекет басшылары бейресми кездесу өткізді. Бұл туралы мемлекет басшысының Борт №1 телеграм арнасы хабарлады.
Арна бейресми кездесуден бірнеше суреттер мен видео жариялады.



Суреттерден оқырмандар Ресей президенті Владимир Путин өзіне ұқсамай қалғанын байқаған. Ресей басшысының көзқарасы да, түр-әлпеті де өзгерген. Кейбірі оның орнына егізі келген деген болжам жасауда.



Самарқандқа барған бірінші күні мемлекет басшылары қаладағы «Мәңгілік қала» кешенінде көрме экспозициялары мен шығыс базарын аралап көрді. Одан кейін ағаш отырғызу рәсіміне қатысты.

Сондай-ақ, мемлекет басшылары бейресми кездесу барысында өзбек ұлттық тағамдарынан дәм татып, қаланы аралаған. Саммит қорытындысы бойынша бірқатар құжаттарды қабылдау жоспарлануда.
Өзбекстанда ҚР Президенті басқа елдердің көшбасшыларымен екіжақты кездесулер өткізеді.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылғы 15 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысу үшін Самарқандқа жұмыс сапарымен келді.
Әуежайда мемлекет басшысын Өзбекстан Республикасының премьер-министрі Абдулла Арипов қарсы алды.