Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Саясат > Путинсіз Қазақстан. 1-бөлім
Саясат

Путинсіз Қазақстан. 1-бөлім

Сая Манарбековна
Сая Манарбековна 05.07.2023
Обновлено 05.07.2023 в 02:07
Поделиться
Фото: pixabay.com
Поделиться

Еліміз саяси өзгерістердің қарсаңында тұр. Әңгіме 2019 жылдағыдай бірінші президент өз орнына екіншісін тағайындайтындай өзгеріс жайлы емес. Әңгіме мемлекеттің саяси жүйесінің табиғатын түбегейлі өзгерту турасында болмақ. Әсіресе, қазір Украинадағы өркениеттер арасындағы қақтығысты бүкіл әлем бақылап, нәтижесіне алаңдап отырған уақытта бұл мәселе өте өзекті болып тұр. Алдағы саяси транзиттің мәнін түсіну үшін 1991 жылдан бері жүріп өткен жолымызға қысқаша шолу жасасақ, деп жазыпты Ғалымжан Жақиянов.

Мазмұны
Назарбаев кезеңінің қорытындыларыЕгемендік дегеніміз не? Таңдау жасайтын уақыт туды

Назарбаев кезеңінің қорытындылары

Совет Одағы ыдырағаннан кейін Қазақстанда мемлекетке тән барлық формальды институттар құрылды. Ата-бабаларымыздың жерін сақтап қалдық, экономикамыз нарықтық қатынастарға көшті, елімізде ұлтаралық татулық сақталып, азаматтық соғысқа жол берілмеді. Мұның өзі үлкен жетістік, себебі КСРО-дан шыққан республикалардың барлығы осылайша мақтана алмайды.

Алайда, президент билігін есепке алмағанда, егеменді елдің негізін құрайтын басқа саяси институттардың бәрі де құрғақ сөз болып шықты. Парламент, үкімет, сот, жергілікті өзін-өзі басқару, бұқаралық ақпарат құралдары, партиялар – барлығы президент пен оның әкімшілігінің қатаң бақылауында қалып тұр. Тек атқарушы билікке сүйеніп тұрғандықтан мемлекетіміздің негізі тұрақсыз.

Сондай-ақ экономикамыздың аса монополияландырғанын, шикізатқа қатты тәуелді екенін айтуымыз керек. Үкімет орындары бұрыңғыша нарық қатынастарына араласып зиян келтіреді, еркін бәсекеге және инвестицияларға жол берілмейді. Сол себептен өркендеуіміз тоқтап, бұқара халықтың жағдайы жақсармады. Егемендігіміз болса нығаймады, ел іргесі мықты боп қалыптаспады. Ғылыми тілімен айтқанда, әлсіз мемлекеттер (fragile states) қатарынан шықпадық.

Егемендік дегеніміз не?

Қазақстанның нақты жағдайы қандай?

Осы жағдайда саясатта да, экономикада да, қауіпсіздік саласында да Қазақстан мен Ресей арасында тығыз байланыс орнаған. Бұдан туындайтын мәселе қалың экспорт-импорттан  келер зиян да емес, өйткені әлемдегі кез келген көрші мемлекеттер алыс-беріс сауда бойынша өзара тәуелді. Мәселе біз экономикалық саясатымызды өзіміз дербес жүргізе алмай отырғанымызда және біздің «ұлы» көршіміз агрессиялық және империялық саясатын жүргізіп отырғанында. Біздің әскери, ақпараттық, т.б. салалардағы қауіпсіздігіміз осал хәлде. БҰҰ-дағы Украинадағы соғыс бойынша және басқа да дауыс берудің өзі көрсеткендей, сыртқы саясатта да өз ұлттық мүддемізге сай ұстанымымыз жоқ.

Ең айқын мысал – 2022 жылғы Қаңтар трагедиясы. Қанды оқиғаны халықаралық мамандарды шақырып, тәуелсіз тергеу жүргізуден президент Тоқаев бас тартты, ал биліктің өзі шығарған қорытындысы сенім туғызбайды. Оның үстіне Қаңтар қырғынына қатысты сот отырыстары құпия өтті. Дегенмен, Қаңтар трагедиясы бірінші және екінші президент арасындағы тартыстан туындағаны айдан анық. Нәтижесінде, жерімізге шетелдік қарулы қол кіріп, Путин қолдаған адам еліміздегі билік таласының жеңімпазы атанды. Бұрыңғы замандағыдай, билік етү жарлықты («ярлык на княжение») Кремль тапсырды.

Таңдау жасайтын уақыт туды

Біз Ресейге тәуелді екеніміз жаңалық емес. Бәлкім, ескі жараны тырнаудың қажеті жоқ шығар. Көп жағдайда амалымыз бен жүрер басқа жолымыз шамалы болғандықтан, үндей алмадық. Алайда, жер шарындағы соңғы оқиғалар түбегейлі өзгерістер дауылы жақындағанын байқатады. Путиннің режимі күн санап әлсіреп барады, ертең немесе жыл өте құлауы мүмкін. Ресей Федерациясының тағдыры қандай болатынын білмейміз. Бұл ең алдымен олардың өздерінің шаруасы деп ойлаймын. Бірақ бұл өзгерістер бізге тікелей әсер ететіні анық. Ашығын айтқанда, мәселе мынада: Путиннің дәуірі аяқталған соң не болмақ? Біз Ресейге тәуелді боп қала береміз бе, әлде енді шығысымыздағы «ұлы» көршіміздің бодандығына кіреміз бе? Әлде нағыз егемендігімізді орнату үшін мың жылда бір келетін тарихи сәтті пайдаланамыз ба?

Жалғасы бар.

ТЕГи: Геосаясат, Қазақстан, Қасым-Жомарт Тоқаев, Сарапшылар ойы
Сая Манарбековна 05.07.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?