Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Қоғам > «Рахат» саудагерлері басшылықтың құқайынан 10 ай жарықсыз отыр
Қоғам

«Рахат» саудагерлері басшылықтың құқайынан 10 ай жарықсыз отыр

Сая Манарбековна
Сая Манарбековна 17.01.2023
Обновлено 17.01.2023 в 10:01
Поделиться
Фото: ашық дереккөзден
Поделиться

Қазір Киев және өзге қалалар қосалқы генераторларға мұқтаж. Соны ескерген әлемнің өркениетті елдері Украина халқына генераторлар жолдап жатыр. Бұл санатта Қазақстан да бар. Қазақстан Украинаға 41 дана генератор жолдаған. Жалпы Украинаға 2022 жылы гуманитарлық көмек ретінде берілген генераторлардың саны 354 мыңнан асқан.

Бұл күні-түні гүрсілдеген оқ пен оттың ортасында өмір сүріп жатқан Украина халқының жағдайы. Ал Алматының «барахолка» аталып кеткен алып базарындағы, соның ішінде бес жылдан бері «рейдерлікпен» күресіп келе жатқан «Рахат» базарындағы саудагерлер ешқандай соғыссыз-ақ, айдың-күні аманында, сақылдаған сары аязда, жергілікті басшы-қосшылықтың құқайынан генератор қосып отыруға мәжбүр, деп жазады Абай ақпараттық порталы.

Қазір базарда 300-ге жуық кәсіпкер бар. «Жаңа Қазақстан» деп шулағанымыз болмаса, олар жарықсыз, жылусыз отыр. Бір жыл бұрын Жетісу ауданының әкімі Гүлнар Көкебаева базарды босатыңдар деп бұйрық берген. Әкім базардың орнына басқа нысан салатынын айтыпты. Орындамаса, жарықты өшіретінін айтып қорқытқан. Ал кәсіпкерлер адал нанын тауып отырған жерін қалай тастап кетеді екен? Олар уақытылы салық төлеп отырмыз, жауапкершіліктен жалтарып жатқан жоқпыз, босатпаймыз деп дегендерінде тұрып алған. Бір айдан соң бастық қоластындағыларын жетектеп, жарықты өшіріп кетіпті. Содан бері жарықсыз, жылусыз отырған кәсіпкерлер бүкіл базар болып жалға генератор алған. Күн сайын тапқан табысының барлығы осы генераторға кетіп жатыр.

Гүлнар Көкебаева келіп, базарды қорқытып алуға құқығы бар ма? Жарық мемлекеттікі емес пе? Егер мәселе шешілмесе, кәсіпкерлер наразылыққа шығуға дайын отыр.

10 айда талай өзгеріс жасауға болатын еді. Бірақ, қазіргі мәселе – энергетика саласындағы заң уақытынан кешеуілдеп тұр. Осындай қиын жағдайдан шығатын жол заңда көрсетілмеген. Заң бойынша электр жарығымен қамтамасыз ету үшін жердің меншік немесе пайдалану құқын анықтайтын құжат керек. Ал бұл дау сот қарауында. Жер мәселесіне қатысты бағаны сот берер. Ал электр жарығына келген кезде ең бірінші – өз қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланған аудан әкіміне кәсіби баға беру керек! Қазір кәсіпкерлерді 18 млн теңдеден артық шығынға ұшыратып отырған әкімнің әрекеттеріне баға беру керек деп арызданған. Ал ол «қылмыстық құрам жоқ» деген негізбенен номенклатуралық іске жіберіліп жатыр. Бұл деген не? Бұл – Алматы қаласында құқық қорғау органдары әкімдердің заңсыз әрекеттеріне баға беруге дайын емес деген сөз!

Заңдық күшіне енген 2019 жылғы соттың шешімі әлі күнге дейін орындалмай келеді. Қылмыстық кодекстің 430-бабы бойынша жер қатынастары басқармасының бастығы мен оның орынбасарының үстінен қылмыстық іс қозғау туралы берген шағым да номенклатурада. Біздің елде – ең жоғарғы билік – сот билігі. Егер соттың шешімі орындалмайтын болса, онда сот табалдырығын тоздырудың қажеті бар ма?

Сондай-ақ бұл жайт бойынша олар бейбіт шеру өткізуге 31 мәрте хабарлама берген. Бұл хабарламалардың барлығы қараусыз, аяқсыз қалдырылып отыр.

Генератордың күшімен, жағармай сатып алып, күндіз-түні соның басын күзетіп отырған кәсіпкерлер сонау тоқсаныншы жылдардағы күйді кешуге мәжбүр. Жағдайды шешетін кім? Бұл сұрақтың жауабы 10 ай бойы шешілмей келеді.

Қазір біз Үкіметтен, депутаттардан заңға өзгеріс енгізіп, тығырықтан шығатын жол тауып берін сұраймыз. Немесе «Алатаужарық» пен «Рахат» базары арасында тікелей келісімшарт жасалып, жарықпен қамтылатын мүмкіндік жасалса дейміз. Бірақ, бұл мәселені кім шеше алатыны тағы белгісіз.  Әзірге біздің алып отырған нәтижеміз – табалдырық тоздыру ғана. Жауапкершілік алып, мәселенің мән жайына барайын деп отырған бірде-бір лауазымды тұлғаны көрген жоқпыз. Осы дау басталған кезде Қазақстан президентіне үндеу жариялағанбыз. Ол үндеу тиісті органдарға жолданғанымен, тағы да аяқсыз қалды. Одан бері 5 жылға жуықтап келеді. Қазіргі электр жарығымен қамтамасыз ету бойынша айтар датымыз – еліміздің президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа бағытталады,

дейді заңгер Жәмила Төленова.

Мынау арыздың толық нұсқасы:

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!

«Қаңтар оқиғасы» естан шығатындай уақыт өткен жоқ. Сол кезде төгілген қан кеуіп үлгерген жоқ. Сізге қаңтар кезінде жалған мәлімет берген билік басындағы адамдардың өзгеріске деген ниетін біз байқап отырған жоқпыз. Дәл осы «Рахат» базары кәсіпкерлерінің басына туып отырған күн Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі кәсіпкерлердің басында бар екенін кәміл сенімдіміз. Осы мәслені өзіңіз бақылауға алып, жауапты адамдарға тапсырма берсеңіз. Өйткені, халықтың төзімі шексіз емес. Бұл тек наразылықты үдетпесе, шешімін таппаған мәселенің басқа жолға түсуі өте қиын.

«Рахат» базарының 300-ге жуық кәсіпкері Қазақстан Республикасының толыққанды азаматтары. Біздің елдегі Ата Заңда көрсетілген бүкіл құқықтар мен заңды мүдделерін қорғауға кедергі болатын әкімшілік тосқауылдар көп. Бұл тосқауылдарды қойып отырған мемлекетік тұлғалар өз әрекеттеріне баға бере алмайды. Мынадай тосқауылмен біз ертеңгі күнге сенімді қадам басуымыз екіталай. Жер-жерде болып жатқан биліктің әрекеттерінің бәрі Сіздің жолдауыңызға кереғар. Біздің алдымызда тұған бір ғана мәселе – біз еліміздің президентін тыңдауымыз керек пе, әлде жергілікті шолақбелсенділердің айтуымын жүруіміз керек пе?

Мен қазір, Жоғарғы соттың, Бас прокуратураның алдында өз-өздерін өртеп жіберген азаматтарды жақсы түсініп отырмын. Өйткені, бұның барлығы шарасыздықтан болған соңғы амалдары. Біз 300 кәсіпкер тек заң аумағында әрекет етіп отырмыз. Соның өзінде тосқауылдың күші үдемесе, кеміп тұрған жоқ. Өйткені, жеке амбициялар күшті. Бұл амбицияларды жою – тек заң үстемдігі болған кезде ғана жүзеге асады. Тек осы кезде ғана әділдікке қол жеткізе аламыз. Ал заң үстем болуы үшін – шашырап жатқан заң нормаларын бір жүйеге келтіру керек. Біздің Үкімет басындағы  заң шығарушы органдардың қасында ертегідегі Күлбикенің өгей шешесі мейірімдірек.

Біз қажетті заңды табу үшін алтын іздеушілердей ізденеміз. Неге заң тек жекелеген топтардың мүддесіне қызмет етеді? Неге заң жалпы халықты қорғамайды? Сот билігі неге тек билік басындағылардың ғана қолшоқпары болып отыр? Бұл сұрақтардың барлығының дәл қазір жауабы жоқ. Сондықтан да, біз қазір Президенттен көмек күтеміз.

ТЕГи: Главное, Қазақстан
Сая Манарбековна 17.01.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?