Әнші Raim Ерке Есмаханмен түскен суретін Instagram парақшасына жариялап, соңғы кездері тыңдармандарды толғандырып жүрген қауесетке нүкте қойды.
Кейінгі күндері өнерпаздар — Raim мен Ерке Есмахан ел аузында. Қырағы жұрт Еркенің Италияда түсірілген стористері арқылы оның кіммен қыдырып жүргенін анықтаған. Еркенің бетін ұстаған ер адамның қолы — өз әріптесі Раимның қолы екенін қалдары арқылы таныған. Әшкере видеолар TikTok желісінде таралды.
Көп ұзамай, Ерке Есмахан стористе видеоларды тұспалдап, қауесетті өрбітті.
TikTok видеолары астында оқырмандар жұпты Европада көргенін жазып жатты. Ал тағы біреулері Raim ұзақ уақыт жүрген қызын Ерке Есмахан үшін тастап кеткенін де айтқан. Әншінің бұрынғы сүйіктісі жанкүйерлердің белгілеуінен шаршап кеткен болса керек, ол да Instagram желісінде шын мәнінде не болғанын жазуға мәжбүр болды.
Raim-ның бұрынғы сүйіктісі Наргиза Рамазанованың айтуынша, жұптың қарым-қатынасына нүктені ол өзі қойған. Алайда, жазбасында ол не кінәларын, не кінәламасын білмей, екіұшты ой білдірген.
Ең біріншіден, көп адам айтып жатқандай ол мені тастап кеткен емес. Екіншіден, иә, біз 7 жыл жүрдік. Ата-аналармен танысу болды, қыркүйекте той болуы керек еді. Бірақ бір нәрсе дұрыс емес болып кетті. Анық-қанығын айтпай-ақ қояйын. Мен оның ата-анасын сыйлағандықтан көп нәрсе айтқым келмейді. Ол арасында келетін. Онымен (Еркемен-еск.) қатар кездесіп жүрген. Бірақ мен екеуіміздің арақатынасымызды үзуге шешім қабылдағаннан кейін болған нәрселер. Ол ешқандай да опасыздық емес,
деді Наргиза.
Оның сөзінше, көп адам Райымбек Наргизаға опасыздық жасады деп түсінген.
Бәріне құрметпен қарауға тырыстым. Бірақ кейде адамдар артық кетеді. Болды. Менде бәрі жақсы. Бұл менің таңдауым. Бәрі менің пікір білдіргенімді күтіп отырды. Басқа ештеңе айтқым келмейді, айтқым келмеген де. Өз өмірім онсыз да қызық»
дейді Наргиза.
Қауесет пен қысымнан шаршап кетсе керек, бүгін түнде Raim тыңдармандарын тыныштандырып, Еркемен түскен суретін Instagram-да жариялады. Осылайша екі өнерпаз жұп екендерін тұспалдағанымен, ресми ештеңені растамаған.
Суретте Ерке мен Райымбек Римдегі Санта-Мария-делла-Салюте шіркеуінің алдында орналасқан мейрамханада тамақтанып отыр.
Айта кетейік, Ерке Есмахан «сүйіктісінен» 12 жас үлкен. БАҚ мәліметінше, Ерке Есмахан 1984 жылғы болса, Raim есімімен танымал Райымбек Бақтыгереев 1996 жылғы. Сондай-ақ жұп 2019 жылы да кездескені айтылады.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…