Раим концертте Еркеге ерекше тосынсый жасап, сүйіктісінің көңілін босатты

Отандық әнші Ерке Есмахан биылғы жылдың қаңтарында әнші Раимға тұрмысқа шыққан болатын. Ерке Есмахан жұбайы екеуінің қарым-қатынасы 2018 жылы басталғанын айтты. Ал кеше Раим жеке кешінде Еркенің бұл жазбасын растап, естелік суреттерін бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл жайлы Ерке Есмахан Instagram парақшасында бөлісті.

«2018 жылдан бергі суреттерді көріп, көзіме жас келді. Күйеуім, тосынсый үшін рахмет», — деп жазды Ерке Есмахан.

Айта кетейік, Ерке Есмахан осыған дейін жұбайы Раиммен ең алғаш танысқан сәтін мәлім еткен болатын.

«2018 жыл, танысқан күні түскен ең алғашқы сурет. Сезім осы сәттен бастау алған еді. Суреттегідей екі жарты, бір бүтін болатынымызды сезбесек те, Алла бұйыртып, шешіп қойған екен. Бұл қызыққа, сынаққа толы махаббат туралы алдағы уақытта айтып берейін бе? Осы кезге дейін мен үндемесем де, Раим бәрін әнмен жеткізген екен сіздерге… Некеге апарар жол бізді көп адастырды», — деген болатын Ерке Есмахан.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

13 часов ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

1 день ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

2 дня ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

2 дня ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

2 дня ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

4 дня ago