Categories: Қоғам

Президенттің отбасы мүшелеріне орын жоқ: Ұлттық пантеонда кімдер жерленеді

Астанадағы Ұлттық пантеонды пайдалану ережесіне өзгеріс енгізілмек.

Елордадан 17 шақырым қашықтықта орналасқан пантеонда жерлеу тәртібін ретке келтіру үшін құжат жобасы қоғамдық талқылауға ұсынылып отыр.

“Ашық НҚА” порталында жарияланған Үкімет қаулысына сүйенсек, бұған дейінгі құжат тізіміндегі “ҚР президенттерінің отбасыларының мүшелері” деген тармақ алынып тасталған.

Отбасы мүшелері Ережелердің 5-тармағында Пантеонда жерленетін тұлғалардың нақты регалийлері айқындалуына орай алып тастау ұсынылады. Сонымен қатар, қолданыстағы заңнамаға сәйкес «отбасылардың мүшелері» ұғымы қарастырылмаған. Сонымен бірге, осы Ережемен тұлғалардың жұбайы немесе зайыбын жерлеу мүмкіндігі қарастырылған,

делінген құжатта.

Сондай-ақ, жаңа ережеде елдегі бірқатар лауазымның және заңның күші жойылуына байланысты «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» тармағы да сызылған.

4-ші тармақтағы мемориалдық ғимарат, «Естелік қабырғасы» монументі бар естелік музейі ғимараттарын салу жоспары да тізімнен алынып отыр.

Себебі олар бойынша ГИЖ, ЖСҚ әзірлеу және құрылыстың өзін жүргізу қарастырылмаған. Жергілікті және республикалық бюджеттерде жуық мерзімге арналған қаржылық жылдарға және одан әрі жоспарларда қаржыландыру қарастырылмаған,

деп жазылыпты құжатта.

Сонымен, құжат бойынша төмендегі қайтыс болған азаматтар пантеон аумағында жерленеді деп күтілуде:

1) Қазақстан Республикасының президенттері;

2) Қазақстан Республикасының премьер-министрлері және олардың орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының төрағалары және олардың орынбасарлары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшілері, Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің басшылары, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төрағалары;

3) Министрлер, Қазақстан Республикасының президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері;

4) «Халық қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек ері» атақтарына ие болған адамдар;

5) Үш дәрежелі «Алтын Қыран», «Отан», «Еңбек Даңқы» ордендерімен  наградталған азаматтар;

6) «Кеңес Одағының Батыры», «Социалистік Еңбек ері»атақтарына ие болған азаматтар;

7) «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» құрметті атағына ие болған азаматтар;

8) Қазақстан Республикасы Президентінің ерекше шешімі бойынша басқа азаматтар;

9) пантеонға жерленуге жататын азаматтардың қайтыс болған жұбайлары жерленуі мүмкін.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

1 день ago

«Қуандық қажы екен». Бишімбаев бес рет қажылыққа барған

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман әлеуметтік желіде көпшіліктің көкейінде жүрген маңызды сұрақтарға жауап…

2 дня ago

«Имам садақаға түскен ақшаға Lexus алған» дейді

ҚМДБ мәлімдеме жасады. Әлеуметтік желі қолданушысы Оразбек Садықов тараздық имамның садақаға түскен қаражатқа қымбат көлік сатып алғанын…

2 дня ago

Алматыдағы автобус апаты: Сотталушы соңғы сөзін айтты

Алматыда үш адамның өмірін қиған автобус апатына қатысты қылмыстық іс бойынша сот жарыссөзінде Д.Ахмеджанов соңғы…

2 дня ago

Алматы әуежайында Air Astana ұшқышы есірткімен ұсталды

23 сәуір күні Алматы халықаралық әуежайында полиция қызметкерлері Air Astana әуе компаниясының екінші ұшқышы Қазыбек…

3 дня ago

Түркістанда 90 млн теңге қарызы бар қазақ жүр

Ол аздай, оны полиция ұстап алды. Көшелерді патрульдеу кезінде Түркістан қаласының патрульдік полиция қызметкерлері “Қорғау”…

3 дня ago