Фото: ашық дереккөзден
Тәліптер барлық провинциялар мен қалаларды өз бақылауына алып, билікті қайта қолына алды. Олардың келуінен жақсылық күтпеген он мыңдаған ауғандықтар шетелдік сарбаздармен бірге елден безді. Осы бір жылдың ішінде Ауғанстанда қалған халықтың өмірі қалай өзгерді? Бұл туралы BBC News жазады.
Бір жыл бұрын Кабул әуежайы адамға лық толы болатын. Қазір өте тыныш. Құжаттарды тексеріп, келушілерді қара киінген әйелдер осылай қарсы алады.
Адамдардың суреттері бар жарнамалық стендтер боялған, ал тәліптердің ақ тулары желбіреп тұр (Қазақстанда және әлемнің басқа елдерінде террористік деп танылған және тыйым салынған ұйым).
1996 жылдан 2001 жылға дейін тәліптер Ауғанстанның басым бөлігін билеп үлгерді. Елде қатаң заңдар бекітілген: ұрлық үшін қолын немесе аяғын кесу жазасы, қыздарға мектепке баруға, әйелдерге жұмыс істеуге тыйым салынды. «Дәстүрден алшақ» киіммен (мысалы, джинсы) жүруге рұқсат етілмеді. Кабул тұрғындары жаңа басшылық бейбітшілік орнатады деген үмітте болды. Олар «ислам құндылықтарын» сақтауға, инклюзивті үкімет құрып, адам құқықтарын сақтауға сөз берді. Алайда олардың сөздері құрғақ уәде күйінде қалып қойған сияқты…
Қазір Ауғанстанда ашаршылық асқынып барады. Тәліптер билікке келгенге дейін мемлекет шығындарының 75%-ы шетелдік гранттар мен гуманитарлық көмектен құралған. Қазір бұл бағдарламалардың көпшілігі жұмысын тоқтатты. Негізінен АҚШ-та орналасқан Ауғанстан Орталық банкінің резервтері оқшауланды. Бұл Ауғанстан экономикасы мен банк жүйесінің құлдырауына әкелді.
Тәліптер қаражатты қайтаруды талап етіп отыр. Бірақ Вашингтоның шарты бар. Егер Орталық банк басшылығынан тәліптердің жетекшілері кететін болса, шектеулер алынуы мүмкін.
Екі тарап ортақ келісімге келе алмай жатқанда, елде жұмыссыздық белең алып барады. Ең қажетті тауарлардың бағасы шарықтап жатыр. БҰҰ-ның мәліметінше, қазір 25 миллионға жуық ауғандық, яғни ел халқының басым бөлігі кедейшілікте өмір сүруге мәжбүр.
Ай сайын аш қалған он мыңдаған балалар ауруханадан бір-ақ шығады. Ал елдің басқа аймақтарында тіпті аштан қырылып жатыр. Кейбіреулері жаңа туылған балаларын сатып, қалғандарын асырауға мәжбүр.
Маусым айында Ауғанстанның оңтүстік-шығысында 5,9 балдық жер сілкінісі орын алды. Кем дегенде 1150 адам қаза болды. Қаражаттың жетіспеушілігінен іздестіру-құтқару жұмыстары кедерді.
Тәліптердің мәртебесіне немесе басқа елдер билігінің сеніміне қарамастан, халықаралық экономикалық шектеулер Ауғанстан халқына зиянын тигізіп, елді тоқырауға жеткізді,
дейді Human Rights Watch ұйымының өкілі Джон Сифтон.
Біз бәріміз құрдымға кетіп барамыз. Адамдардың болашағы жоқ,
дейді оңтүстік-шығыстағы Газни провинциясының дәрігері Амена Арезо.
Ауғанстан экономикасы шамамен 30-40% төмендеген. Елдегі еңбек нарығы қарқынды түрде қысқарып жатыр.
Көршілес Иран мемлекеті Ауғанстанның ең кедей провинцияларының тұрғындарын маусымдық жұмыспен қамтамасыз ететін. Қазір ол да жоқ.
Тәліптер Ауғанстанды толық бақылауға алып, Батыс елдері әскерлерін шығарғаннан кейін, елдегі соғыс қимылдары аяқталды.
Жалпы алғанда, Ауғанстандағы зорлық-зомбылық деңгейі және жауынгерлік қимылдардан қаза тапқандар саны соңғы бір жылда айтарлықтай төмендеді. Біріншіден, бұл тәліптердің АҚШ пен НАТО қолдайтын Ауғанстан үкіметіне қарсы соғысына байланысты еді. Екіншіден, үкімет тәліптерге қарсы соғыста әуеден соққылар жасайтын. Бейбіт халық осыдан қырылды. Қазір бұл аяқталды,
дейді профессор Давуд Азами, BBC Ауған қызметінің радио редакторы.
Қарапайым тұрғындар арасындағы өлім әлі де тоқтаған жоқ. БҰҰ мәліметі бойынша, 2021 жылдың тамызынан 2022 жылдың маусым айының соңына дейін Ауғанстанда 700-ден астам бейбіт тұрғын қаза тауып, 1400-ден астамы жараланған.
Бұл өлім-жітімнің 50%-ға жуығы «Ислам мемлекеті» ұйымының әрекеттерімен байланысты.
Қазір Ауғанстанда зорлық-зомбылықтың басқа да түрлері болып жатқанын ұмытпаған жөн. Тәліптерді сынаушылар оларды тұтқындап, азаптап жатыр,
деді Би-би-си агенттігінің Ауғанстандағы тілшісі Секундер Кермани.
2021 жылдың тамызы мен 2022 жылдың маусымы аралығында бұрынғы ауған шенеуніктері мен қауіпсіздік күштерінің 160-жуық өкілі өлім жазасына кесілген.
БҰҰ сарапшыларының пікірінше, Ауғанстандағы жағдай барған сайын қиындып барады. Көше қылмыстары қайтадан өршіп барады. Халықты итермелейтін аштық пен кедейлік.
Тәліптер «ауғандық нормалар мен ислам құндылықтарына сәйкес» әйелдердің құқықтарын шектемейтініне уәде еткен еді. Соңында әйелдерге тағы да шектеулер енгізілді. Олардың саны күн санап артып келеді.
Қазір әйелдер кез-келген жерге ер адаммен бірге баруы керек. Мамыр айынан бастап әйелдер хиджаб киіп, көпшілікте бетін жауып жүруге міндетті. Заңды бұзған жағдайда жақын туысын немесе әкесін темір торға жібереді екен.
Тәліптер билікке келгелі қыздардың білім алу мәселесі де қызу талқыланып келеді. Өйткені олар жасы 12-ден асқан қыздарға мектепке баруға тыйым салды. Қазіргі уақытта қыздарға тек бастауыш мектепке (үш-төрт жылдық оқу) баруға рұқсат етілген. Сонымен бірге мектеп бағдарламасына да өзгерістер енгізілді, енді қыздар ислам дінін үйренуге көбірек көңіл бөлулері керек.
БҰҰ мәліметі бойынша, 1,1 миллион қыз білім алу мүмкіндігінен айырылған. Тәліптер мұғалімдердің және қыздарға арналған бөлек оқу залдарының жетіспеушілігін алға тартады. Алайда бұл тек сылтау ғана.
2021 жылдың қараша айында қыз балалар түсетін телефильмдерге тыйым салды. Ал жүргізуші әйелдер «ислам хиджабын» киюге міндеттелді.
Соңғы бір жылдың ішінде шектеулер салдарынан Ауғанстанда жұмыс істейтін әйелдердің үлесі 22%-дан 15%-ға дейін төмендеді.
Жаңа биліктің саясаты жас қыздар мен әйелдерді үй құлдарына айналдырды. Олар елді ең құнды ресурстардың бірінен айырды. Бұл дағдарыстың шегі жоқ,
деді Хизер Барр, Human Rights Watch әйелдер құқығы жөніндегі директордың орынбасары.
20 жыл бұрын билікте болған тәліптер апиын өсурімен күресті. Бұл саясат бүгін де жалғасып келеді. Сәуір айынан бастап жаңа билік көкнәр өсіруге тыйым салды.
АҚШ-тың ресми есебіне сай тәліптер фермерлер мен есірткі саудагерлерінің қолдауынан айырылуы мүмкін. Бұл факт оларды тоқтатар емес.
Сондай-ақ, елде есірткінің басқа түрлері де дамып келеді. Мысалы кристалдық метамфетамин.
Тәліптер сөз бостандығын да шектеді. 2021 жылдың қыркүйегінде ақпарат және мәдениет министрлігі БАҚ үшін жаңа ережелер қабылдады. Мәселен, журналистерге «исламға қайшы келетін» және «ұлт қайраткерлерін қорлайтын» материалдарды таратуға және жариялауға тыйым салынады. Тағы бір ережеде «эфир немесе жариялау кезінде шенеуніктер растамаған сұрақтарға сақтықпен қарау керек» делінген. Нәтижесінде ондаған журналист қамауға алынды.
Ауғанстан журналистер федерациясының мәліметінше, өткен жылы 544 БАҚ-тың 218-і жабылып, 7 мың БАҚ қызметкері жұмыссыз қалған.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…