Categories: Денсаулық

«Рекорд жаңартты»: Алматыда науқастың өтінен 1730 дана тас шықты

Алматылық дәрігерлер өтуі жарылуға шақ қалған науқасты аман алып қалды. Дәрігерлер 62 жастағы тұрғынның өтіне жиналған 1730 астам тасты алып шықты.

Алматы қаласының №7 клиникалық ауруханасына пациент шұғыл түрде оң жақ қабырға астының ауырсыну белгілері, жүрек айну, құсу, ауыздың құрғап кету шағымдарымен түскен. Пациенттің айтуынша, бұрын тексеруден өтпеген.

Өттің тас ауруы, жіті калькулозды холецистит деген диагноз қойылды. Келесі күні алдын ала жүргізілген дайындықтан кейін, жалпы анестезиямен, заманауи аз инвазивті технология  бойынша –  «Лапароскопиялық холецистэктомия» операциясы жасалды. Өт қабын алып тастағаннан кейін диаметрі бірнеше мм-ден 1,5 см-ге дейінгі 1735 конкремент алынды,

деп хабарлады №7 ҚКА-ның баспасөз қызметі.

Дәрігерлер бір адамның өтінен осыншама мол көлемде тастың шығуы рекорд деп отыр. Бірнеше уыс тасты өтіне жинаған тұрғынның өміріне қазір қауіп жоқ.

Бұл операция менің рекордымды жаңартты – бұл жолы 1730-дан астам тас табылды. Бұл тек өт қабынан ғана алынғандар. Денсаулықты сақтау және өт-тас ауруларына байланысты асқынулардың алдын алу үшін профилактикалық және скринингтік тексерулерден уақытылы өтуге кеңес беремін. Өзіңізге және жақындарыңызға қамқор болыңыз,

дейді операциялық топтың жетекші хирургы,  профессор Мұса Сахипов.

Операция сәтті жасалған. Пациент жай-күйі қанағаттанарлық жағдайда үйіне шықты. Енді ол  амбулаториялық бақылауда болады.

Өт-тас ауруы – өт қабында, жалпы өт жолында және бауыр өт жолдарында тастардың пайда болуымен сипатталатын гепатобилиарлы жүйенің ауруы, ауыр және жиі ауыр асқынулардың әртүрлі вариациялары бар. Өт-тас аурулары көп қырлы және жасырын ауру, ұзақ уақыт бойы белгі бермеуі мүмкін, нақты ешқандай клиникалық белгілері жоқ.

Белгілері: Жүрек айнуы мен құсу, жүрек соғу жиілігінің төмендеуі немесе жоғарылауы, қан қысымының ауытқуы, дене температурасының шамалы көтерілуі, үлкен дәретке жалған шақыру немесе ішектің кебуі. Жіті холецистэктомия мен жоспарлы түрде орындалатын холецистэктомияны ажыратыңыз (ремиссия кезеңінде, симптомдар болмаған кезде).

Лапароскопиялық жоспарлы холецистэктомияның бірқатар артықшылығы бар, мысалы, асқынулардың минималды жиілігі, операциядан кейінгі кезеңде аздап ауырсыну синдромы, жақсы косметикалық нәтиже, тезірек қалпына келтіру. Сондықтан жоспарлы тексерулерден өтіп, дәрігерге уақтылы қаралу маңызды.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago