Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Саясат > Ресей 2025 жылы НАТО-мен соғысады — Bild
Саясат

Ресей 2025 жылы НАТО-мен соғысады — Bild

Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі 15.01.2024
Обновлено 15.01.2024 в 05:01
Поделиться
Поделиться

2025 жылы Ресейдің НАТО-ың шығыс флангына шабуыл жасауы мүмкін. Бұл туралы Bild басылымы ықтимал қақтығыстың құпия сценарийінде жазылғанын айтып, арнайы мақала жария етті.  

Басылым Германия қорғаныс министрлігі қақтығыс қалай болуы мүмкін екенін зерттеп, сценарийін бүге-шүгесіне дейін қарастырғанын айтуда. Германияның әскери сарапшылары қақтығыс 2025 жылы басталып кетуі мүмкін деген болжам келтірген. Bild басылымы құжаттың НАТО әскерінің әрекетіне қатысты тұсын қауіпсіздік мақсатында құпия сақтап, Ресей әскерінің әрекетіне қатысты тұсын жариялады, дейді mezgil.kz.

Сценарий бойынша шиеленістер 2024 жылдың ақпанында басталады. Ресей кезекті мәрте мобилизация жүргізіп, 200 мың сарбазға қару ұстатпақ. Артынша сайлаудан кейін Кремль Украина жерінде аса ауқымды шабуылға көшіп, Батыстың қару бері бойынша көмегі кешіктірілуіне байланысты Украинаның бірнеше аймағын басып алмақ. Маусым айында Ресей Украина әскерін толық талқандап, басқа агрессиялық әрекеттерін жоспарлай бастайды дейді сценарийде.

Сценарийде Ресейдің НАТО елдеріне қарсы арандатушылық әрекеті 2024 жылдың маусымында басталатыны жазылған. Ол бастапқыда жасырын, артынша ашық арандату әрекеттеріне ұласпақ. Кибершабуыл, гибридті соғыстың өзге де әрекеттері қарастырылуда және оның басым бөлігі Балтық елдеріне қарсы бағытталатын болады дейді құжатта. Ресей билігі Эстония, Литва, Латвиядағы этникалық орыстарды билікке қарсы шығуға үгіттеуі мүмкін депті сценарий авторлары.

Ары қарай сценарий сөзімен жазсақ: «Ресей мен Балтық елдері арасындағы шиеленіс күшейген сәтте, Мәскеу Беларусьпен бірлесе отырып «Батыс-2024» әскери жаттығуын өткізеді. Жаттығуға Ресей бір мезетте 50 мың әскер қатыстыруы ықтимал. Жаттығу бірнеше айға созылып, Балтық елдері мен Ресей шекарасындағы жағдай ушыға береді. 2021 жылы Украинаға басып кірудің алдындағы әрекет сияқты, Ресей Польша мен Литва маңында жаттығу деген желеумен әскерін арттырады. 2024 жылдың қазан айында Ресей Калининград аймағына қосымша әскер мен зымыран топтастырмақ. Кремльдің негізгі мақсаты НАТО-ның ең осал тұсы саналатын Сувалк дәлізін бақылауға алу болып табылады. Бұл дәлізді алу Калининград пен Беларусь арасын жалғастыратын жол ашар еді.

2024 жылы Сувалк дәлізі маңында шекаралық қақтығыс болады. Оны Ресей тарапы іске асыруға тырысады. Қақтығыста бейбіт тұрғыдар мен әскерилердің шығыны көп болмақ. Бұл әрекеттің барлығы АҚШ-та президент сайлауы болып жатқан тұсқа жоспарланған. 2014 жылы да Ресей Қырым оқиғасын АҚШ-тағы сайлау мен оның әуре-сарсаңы тұсында іске асырған-ды.

Ресей Сувалк дәлізі маңындағы қақтығысқа байланысты БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл жиынын шақырады. Артынша ол БҰҰ жиынында «НАТО Ресейге шабуыл жасамақ» деп айыптай сөйлейді. 2025 жылдың қаңтарында НАТО кеңесі шақырылып, Польша мен Балтық елдері Ресеймен тікелей қақтығысу қаупі артқанын ашық айтады.

2025 жылдың наурызында Ресей балтық елдерінің шекара маңына қосымша әскер санын топтастыра түседі. Кемі 70 мың әскер топтастырып, танктық бөлімшелер санын арттырады. 2025 жылдың мамырында НАТО Сувалк дәлізінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шығыс флангке кемі 300 мың әскер аттандыру шешімін қабылдайды. Артынша тараптар арасындағы шиеленіс тоқтамаса, онда тікелей қарулы қақтығыс басталады. Міне, осындай қысқаша сценарийді басылым бас мақала етіп жариялады.

Bild бұл құжатты жария ете отырып, аталмыш құжат бар болғаны НАТО-ның бір жаттығу сценарийі ғана болуы мүмкін деп топшылайды. Жекелеген сарапшылар Bild мақаласына шынайы қарап, қауіпті жоққа шығармау керектігін айтуда. Себебі аталмыш басылым 2021 жылдың желтоқсанында «2022 жылы, қаңтар-ақпан айында Ресей Украинаға кіріп, соғыс бастайды және шабуылды тіпті Беларусь аймағынан жасайды» деп дәл болжаған  еді.

ТЕГи: Главное, Қазақстан, Шетел басылымдарына шолу
Сайт Әкімшілігі 15.01.2024
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?