Ресей мемлекеттік думасы Қорғаныс жөніндегі комитетінің төрағасы Андрей Картаполов 2023 жылы көктемде 30 жасқа дейінгі жастарды армияға шақыру жоспарланғанын хабарлады. Картаполов сұқбаты «Парламентская газета» басылымында жарияланды.
Көктемгі әскерге қабылдау науқанына дейін әрбір әскери комисариат қанша адам жаңа талапқа сай келетінін анықтауы тиіс. Сосын осы мәліметті әскери мақсатқа алмастырады,
деді Картаполов.
Депутаттың айтуынша, әзірге әскерге қабылдау жасын көтеру туралы мәселе көтеріліп отыр. «Әскери комиссариатта 21 мен 30 жас аралығында әскерге бармаған 100 адам бар делік. Мақсат — 200 адам. Ендеше, жартысын 18 жастағылар, қалғанын 21 мен 30 жас аралығындағылар толтырады.