Ресей Қазақстаннан жалға алған 8,5 миллион гектардан аса жерді әскери полигон ретінде пайдаланады. Жалға берілген аумақтың әр гектарына 1046 теңге төлейді. Ал баға 2005 жылдан бері өзгермеген. Бұл туралы “Информбюро” агенттігі хабарлайды.
Қорғаныс министрлігі өкілдері мәлім еткендей Қарағанды, Жамбыл, Ақтөбе, Қызылорда және Ұлытау облыстарындағы аумағы 7 миллион гектар болатын Сары-Шаған сынақ алаңы Ресейге жалға берілген. Сондай-ақ Батыс Қазақстан мен Атырау өңірлеріндегі 1 миллион гектардан аса жердегі 929-шы мемлекеттік ұшу-сынақ орталығы да жалға беріліпті. Бұдан бөлек Батыс Қазақстандағы көлемі 300 мың гектар болатын 4-ші мемлекеттік орталық полигонды да жалға алып отыр.
Аталмыш полигондарда Ресей қарулы күштері әскери техникаларды әзірлеп, оны сынақтан өткізеді. Министрлік өкілдері жалға берілген жер арқасында ел қазынасына 10 миллиард теңге табыс түсетінін мәлімдеді. Жалға алу шартына байланысты алғашқы халықаралық келісімшарт 1993 жылы жасалған. Сондай-ақ жалға беру уақыты 2030 жылға дейін жалғасады деп жоспарланған. Ал депутаттар Ресей әскери күштеріне берілген полигон аумағын қайтарып, ауылшаруашылық жері ретінде тұрғындарға беруді ұсынып отыр.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…