«Елімізге келіп жатқан Ресей азаматтары «Самұрық-Қазына» қоры және оған қарасты компанияларда жұмыс істей ала ма?». Бұл мәселеге қордың қоғаммен байланыс және өзгерістерді басқару жөніндегі директоры Ғибрат Ауғанов жауап берді.
Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
Ресей азаматтарына қатысты тыйым жоқ. Азаматтың жұмыс істеуге рұқсаты болса, талапқа сай келсе, тек «Самұрық- Қазынада» емес, басқа да компанияда жұмыс істей алады. HR Қазақстанның еңбек заңнамасына сай жұмыс істейді. Ресей азаматтар,
деді Ғибрат Ауғанов осы ведомствода өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, бүгінде қорда 800-ге жуық шетел азаматы еңбек етіп жатыр.
Самұрық-Қазына қорында жалпы саны 250 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Оның ішінде 749-ы – шетел маманы. Атап айтқанда, шетел азаматтарының 613-і – өндірістік, ал 133-і әкімшілік-басқару персоналы,
дейді ол.