Ресейдің байланыс және бұқаралық коммуникацияларды қадағалау қызметі (Роскомнадзор) қазақстандық «Власть» сайтынан Ресейдің Украинаға басып кіруі туралы жаңалықтарды сайттан алып тастауды талап етті. Талапты орындаудан бас тартса, ресурсты Ресей аумағында бұғаттайтынын мәлімдеген. Бұл туралы Vlast.kz хабарлады.
Роскомнадзор Украинаның Винница қаласында ондаған адамның өмірін қиған ресейлік зымырандардың атқылауы және Украинаның Мариуполь қаласындағы бейбіт тұрғындардың қаза қазасы туралы хабарды өшіруді талап еткен.
Алайда редакция талапты орындамайтынын айтып отыр. Олар ресейлік ведомствоның қазақстандық сайт қызметіне араласуға құқығы жоқ екенін алға тартты.
Власть – қазақстандық басылым, оның қызметі Ресей заңдары мен қадағалау органдарымен реттелмейді. Редакция Украинадағы соғыс немесе басқа жаңалықтарды өшірмейді және әскери цензураға жауапты ресейлік департаменттің бұл мәселеге қатысты пікіріне қарамастан, жариялауды жалғастырады.
деп жазды «Власть» редакциясы.
Айта кетейік, осыған дейін Ресейдің Украинаға басып кіруін «арнайы операция» емес, «соғыс» деп ақпарат таратқан мыңдаған сайт Ресей аумағында бұғатталды.