Ресейдің Халықаралық ғарыш станциясы (ХҒС) жобасынан 2024 жылдан кейін шығатыны туралы шешім қабылданды. Серіктесер алдындағы барлық міндет орындалады.
Бұл туралы Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуінде Роскосмостың бас директоры Юрий Борисов мәлімдеді, деп хабарлайдыТАСС. Юрий Борисовтың айтуынша, сол уақытқа дейін Ресей Федерациясы Орбиталық қызмет көрсету станциясын құра бастайды. Мемлекеттік корпорация басшысы ресейлік басқарылатын космонавтика болашағы, ең әуелі, салмақты және жүйелі ғылыми бағдарламаға негізделуі керек екенін айтты.
Ол Роскосмос Ресей экономикасын қажет ғарыш қызметтерімен қамтамасыз етуге басымдық беретінін де айтып өтті.
Өнеркәсіп қиын жағдайда тұр. Әріптестерімнің және менің басты міндетім – деңгейді төмендету емес, көтеру және ең әуелі Ресей экономикасын қажет ғарыш қызметтерімен қамтамасыз ету,
деді Юрий Борисов.
Роскосмос басшысының айтуынша, мұндай қызметтерге навигация, байланыс, деректерді беру, ауа райы, геодезиялық ақпарат және тағы басқасы жатады. Сонымен қатар, Ресей Федерациясының ғарыш кеңістігін игерудегі басты басымдығы — Орбиталық қызмет көрсету станциясын құру.
Бекітілген жоспар бойынша, басқарылатын бағдарламаны жалғастырамыз. Негізгі басымдықтар ғылыми кеңістікті ұмытпай, ресейлік орбиталық станция құруға бағытталады,
деді Юрий Борисов.