Саясат

Ресей мен Беларусь Премьер-Министрлері Қазақстанға келеді

25-27 қыркүйекте «Иннопром.Қазақстан-2023» халықаралық өнеркәсіптік көрмесі өтеді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2023 жылғы 25-27 қыркүйекте Астана қаласында «EXPO» халықаралық көрме орталығының аумағында «Иннопром. Қазақстан-2023» атты халықаралық өнеркәсіптік көрмесі өтеді. Көрменің мақсаты – өнеркәсіптік кооперацияны дамыту, инвестициялар тарту, сауда ынтымақтастығын кеңейту және жаһандық тәжірибе алмасу,

деді ол ведомствода өткен брифингіде.

Оның дерегінше, көрмеде Қазақстан мен Ресейдің негізгі өнеркәсіптік компаниялары, сондай-ақ Армения, Беларусь және Еуразиялық экономикалық одақ, Пәкістан, Түркия, Үндістан, Иран, Әзербайжан және басқа да елдердің жекелеген компаниялардың экспозициялары ұсынылады.

Іс-шараға жоғары қонақтар ретінде Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустин мен Беларусь Республикасының Премьер-Министрі Роман Головченконың қатысуы жоспарланған,

деді Айбек Смадияров.
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago