Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Шолу > Шетел басылымына шолу > Ресей рецессияға ұшырап, Еуропаны өзімен сүйреп барады
Шетел басылымына шолуШолу

Ресей рецессияға ұшырап, Еуропаны өзімен сүйреп барады

Таңшолпан Төлеген
Таңшолпан Төлеген 06.09.2022
Обновлено 06.09.2022 в 03:09
Поделиться
Поделиться

Әлемнің бұқаралық ақпарат құралдары не туралы жазып жатыр?

Мазмұны
Газ желісінің өшірілуі Еуропаға соққы болып отырРесейде де жағдай жақсы емесҰлыбританияны жыртқыш премьер-министр басқарадыОПЕК+ мұнай бағасын өзгертуге уәде бердіРесей қару сатып алып жатыр

Газ желісінің өшірілуі Еуропаға соққы болып отыр

The Wall Street Journal Ресей аналитиктер қарастырған сценарилердің ең нашарын жүзеге асырды деп жазды. Кремль Батыстың санкцияларына байланысты «Солтүстік ағын» газ құбырына қызмет көрсете алмайтынын, сондықтан Еуропаға газ жеткізуді толығымен тоқтатқанын хабарлады.

Нарық бірден әрекет етті. Электр қуаты бағасы бұрынғыдан да қымбаттап, еуропалық валюталар көпжылдық ең төменгі деңгейге жетті. Ал еуропалық үкіметтер саясаткерлердің басты бас ауруына айналған энергетикалық және экономикалық дағдарыспен қалай күресуге болатынын шұғыл шешіп жатыр.

Ресейде де жағдай жақсы емес

Дегенмен Ресейдің өзінде де экономика мінсіз емес, батыс салған санкциялардың салдары ең ауыр түрде әсер ете бастады, деп хабарлайды Вloomberg.

Басылым тек Ресей үкіметі үшін дайындалған ішкі есептен үзінді келтіреді. Құжат бойынша, АҚШ пен Еуропа санкцияларының әсері кеңейген сайын ел ұзақ әрі терең рецессияға тап болуы мүмкін. Ресей өз экономикасында жылдар бойы сүйенген салаларға қауіп төніп тұр.

Ресейдің экономикалық оқшаулануының шынайы әсерін бағалауға тырысқан шенеуніктер мен эксперттердің бірнеше айлық жұмысы нәтижесі болған құжат, әдетте оптимистік мәлімдемелер жасайтын шенеуніктерге қарағанда әлдеқайда нашар көріністі көрсетеді. Мәселеден хабары бар адамдар есептің шын екенін растады.

Ұлыбританияны жыртқыш премьер-министр басқарады

The Guardian жаңа премьер-министр Лиз Трастың алдында қандай міндеттер тұрғанын қарастырды. Басылым Лиз Трасс бірден екі дауылға төтеп беруі керек деген қорытындыға келді — экономикалық және саяси.

Инфляция қарқыны мен энергия төлемдері миллиондаған отбасы мен бизнеске зиянын тигізіп жатыр. Бір ай бұрын Трасс үй шаруашылығын субсидиялауды 60 жылдағы ең нашар табыстың төмендеуі жағдайында үй шаруашылықтарына көмектесудің ең жақсы тәсілі ретінде қабылдамай тастады. Ол мұны «садақа» деп атап, кезіндегі «темір ханым» Маргарет Тэтчер сияқты салықтарды қысқартуға және экономикалық реформаларды жүргізуге уәде берді.

Бірақ Трастың экономикаға қатысты тэтчерлік көзқарасты ұстану амбициясы дағдарыстың шындығына қайшы келді. Қазынашылық жаңа премьер-министрге арналған бірқатар нұсқаны ойлап тапты. Ондағы фаворит — субсидияларды қамтитын электр энергиясы төлемдерін қатырып қою.

Саяси майданда Трасс қазірдің өзінде лейбористер шабуылына ұшырап жатыр. Олар премьер-министрдің мектеп пен аурухана тапшылығы қатты сезіліп тұрған кезде әлеуметтік шығындарды қысқарту туралы мәлімдемесіне қысым жасап жатыр. Оппозиция Трастың премьер-министр ретінде алғаш рет көпшілік алдына шығуын пайдаланып отыр. Онда Украинадағы соғысқа және Қытайдан әлемге төнетін ықтимал қауіптерге көп көңіл бөлінді, бірақ оның ішкі дағдарыспен қалай күресетіні туралы бір ауыз сөз де айтылмады.

Қала көшелерінде Лиз Трастың портреті мен «Ол сенің жаныңда емес» деген ұран жазылған баннерлері пайда болды. YouGov сауалнамасы респонденттердің 19%-і ғана Трастың өмір сүру құнына қатысты саясатына сенетінін айтты. Алайда 67%-і сенімді емес екенін жеткізді. Консервативті инсайдерлер Трастың өмір сүру құны дағдарысын ғана емес, басқа да ішкі мәселелерді шешу үшін саяси блицті бастауға бірнеше апта қалды деп санайды.

ОПЕК+ мұнай бағасын өзгертуге уәде берді

Fox news дүйсенбі күні мұнай бағасы негізінен ресейлік Газпромның «Солтүстік ағын-1» арқылы табиғи газ жеткізуін тоқтатуына байланысты көтерілді деп жазады. Бұл, ең әуелі, күзгі раллидің басталуы болуы мүмкін, дейді сала эксперті.

ОПЕК+ келісілген квотасынан тәулігіне шамамен 3 миллион баррельге аз өндіруге байланысты бұл хабарландыру саяси мәлімдеме болып саналады. Сауд Арабиясы бағаны көтергісі келеді және өндірістің кез келген қысқаруының ауыртпалығы ең әуелі соларға, ал азырақ дәрежеде Біріккен Араб Әмірліктері мен Кувейтке түседі,

деді Lipow Oil Associates президенті Энди Липоу.

Ресей қару сатып алып жатыр

New York Times АҚШ әскери барлауындағы дереккөздерге сілтеме жасап, Ресей Украинадағы соғысты бұдан былай экономикалық тұрғыда жалғастыра алмайды деп хабарлайды. Қалай болғанда да, ақпарат көздері бойынша, Кремль Солтүстік Кореядан снарядтар мен зымырандарды белсенді түрде сатып ала бастады. Бұл Ресей өнеркәсібіне жаһандық санкциялардың тиімді болғанын дәлелдейді.

ТЕГи: Трендте
Таңшолпан Төлеген 06.09.2022
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

Экономика

Қазақстанда баспана арзандап жатыр

03.06.2024
Әлеуметтік желіге шолуСаясатСпорт

Турлов деген бәле болды…

30.05.2024
Атақ және ақшаӘдебиетРуханият

Қазақ қызы секс туралы роман жазып дауға қалды

29.05.2024
Қоғам

Әдепсіз стэндап-комик жазаға тартылды

24.05.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?