Ресейдің «арнайы әскери операцияға қатысушыларын» (Ресей билігі Украина жасаған әскери шабуылын осылай атайды) қолдау үшін мейрам ұйымдастырып, киіз үй тіккен Омбы қазақтарының кеңсесі өртеніп кетті. Мұнымен қоса олардың Instagram әлеуметтік парақшасы да бұғатталған. Бұл туралы қоғамдық бірлестіктің өздері мәлімдеді.
Бұған дейін 23 сәуірде Омбыдағы қазақ диаспорасы «Омбы қазақтары» облыстық қоғамдық ұйымының 15 жылдығына және Наурыз мерекесіне орай бес киіз үй тігілген этноауылды орналастыратынын айтқан. Киіз үйлердің бірінде «арнайы әскери операцияға қатысушыларды» қолдау үшін гуманитарлық бас қосу пункті» ұйымдастырылатыны айтылған. Шараның өтуіне Омбы облысы үкіметі мен қала әкімдігі қолдау көрсеткен.
Бірлестік алаңда тігілген бес киіз үйдің бірінде Украинада соғысып жатқан орыс әскеріне көмек жинау туралы шешім қабылдағанын айтқан.
Бірлестік 23 сәуірге белгіленген шараны өткізген. Мейрам туралы ақпарат бірлестіктің Вконтакте желісіндегі парақшасында жазылған. Бірақ сонымен қоса желіде диаспораның кеңсесі өртеніп кеткені туралы ақпарат тарады. Бұл ақпарат Омбы қазақтарының желідегі парақшасында да жарияланған.
19 сәуірде жарияланған жазбада сәуірдің 18 күні бірлестіктің кеңсесінде өрт болғаны айтылады. Жазба авторы ешкім зардап шекпегенін, алайда ғимарат пен мүлікке айтарлықтай зиян келгенін жазады. Автор өрттің шығу себебін айтпайды.
«Осы кеңседе бізден көмек сұрап келген адамдарды қабылдайтынбыз. Біз әрқашан қолымыздан келгеннің бәрін жасауға тырыстық. Бұл туралы жазу өкінішті, бірақ қазір көмекке мұқтаж жандардың жағдайына өзіміз түстік», — делінген жазбада.
Сонымен қоса Омбы қазақтарының Instagram парақшасы бұғатталған. Мұны Ресейдің Украинаға қарсы агрессиясын қолдағаны үшін жасалған шабуыл дейтіндер бар. Бірақ диаспора өкілдерінің өздері бұл жайлы айтпайды.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…