Ресей түрмесінде отырған 30 жастағы қырғыз азаматы Аян Әлішеров 2022 жылы 24 қарашада Бахмут түбіндегі шайқаста қаза тапты. Бұл туралы Азаттық Радиосы хабарлады.
Марқұмның денесі 22 қаңтарда туған ауылына жеткізілген.
2019 жылы Әлішеров «адам ұрлау» және «бопсалау» күдігімен Мәскеуде ұсталған. Анасы Рахатай Әбдуәлиеваның айтуынша, баласы Ресей азаматы емес. Оған қоса түрмедегі ұлының Украинадағы соғысқа қалай кеткенін білмейді.
Марқұмның анасының айтуынша, ұлы қазанда хабарласып, жарты жылдан соң бостандыққа шығатынын, Қырғызстанға оралатынын айтқан.
Сол кезде уайымдамасын деп соғыс туралы маған айтпаған сияқты. Оның Украинағы соғысқа қалай барғаны түсініксіз. Мен Мәскеуге соны анықтау үшін келдім,
дейді анасы.
Ресейдегі Қырғызстан азаматтарының сот процестерінде аудармашы болып жүрген Салтанат Митиеваның айтуынша, Ресей билігі түрмеде жазасын өтеп жатқандарды күштер соғысқа жібере алмайды.
Бәлкім, жас жігітке «соғысқа барсаң, ертерек босатамыз» деп алдап, уәде берген болуы мүмкін,
деді Миттиева.
Қырғызстан ІІМ Мәскеудегі өкілдігінің мәліметінше, қазір Ресей түрмесінде шамамен 2 мың қырғыз азаматы отыр. 30 пайызы – әйелдер. Ақпаратқа қарағанда, 1001 адам – тергеу изоляторында, 1078 адам абақтыларда отыр. Шамамен бір миллионнан астам қырғыз азаматы Ресейде еңбек етіп жүр.