Украина мен Ресей тараптары тұтқындармен алмасты.
Нәтижесінде 108 украиналық әйел үйлеріне оралды, деп хабарлайды BBC News агенттігі.

Азат етілгендердің арасында «халық республикалары» деп аталатын аумақтарда, осы жылдың ақпан айында Ресейдің кең ауқымды шабуылы басталғанға дейін тұтқынға алынған қыз-келіншектер бар.
Босатылғандардың ең үлкені 62 жаста, ең кішісі — 21 жаста.
Бүгін кезекті рет ауқымды түрде тұтқын алмасу жұмысын жүргізуге мүмкіндік туды. Эмоционалдық тұрғыдан ауыр болды, біз 108 әйелді тұтқыннан босаттық,
деді Украина президенті кеңсесінің басшысы Андрей Ермак.
Украина билігінің хабарлауынша, босатылған барлық әйел қажет болған жағдайда медициналық көмек алады, физикалық және психикалық қалпына келтіруге көмектеседі.