Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Саясат > Ресей Украинада бұйрықты орындаудан бас тартқан сарбаздарды өлім жазасына кесіп жатыр
Саясат

Ресей Украинада бұйрықты орындаудан бас тартқан сарбаздарды өлім жазасына кесіп жатыр

Анара Бауыржанқызы
Анара Бауыржанқызы 27.10.2023
Обновлено 27.10.2023 в 03:10
Поделиться
Поделиться

Америка Құрама Штаттарында ресейлік әскерилердің Украинадағы соғыста бұйрықты орындамаған жауынгерлерді өлім жазасына кесіп жатқаны туралы ақпарат бар. Мұны бейсенбі күні Ақ үй әкімшілігі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Бізде Ресей армиясының бұйрыққа бағынбаған сарбаздарды іс жүзінде ауыр жазаға кесетіні жайлы дерек бар,

дейді журналистермен өткен брифингте Ақ үйдің өкілі Джон Кирби.

Оның өзге бір мәліметінше, «ресейлік командирлер Украина артиллериясының соққысынан шегінгісі келген тұтас әскери бөлімшені оқ жаудырып, қырғынға ұшыратамыз деп қорқытады».

Ақ үйдің өкілінің айтуынша, Ресейдің мобилизация бойынша сапқа тұрғызып, Украинаға жіберген күштерінің дайындығы мен жабдықталуы өте нашар және олар соғысқа әзір емес. Тағы бір сөзінде Кирби ресейлік әскерилердің «адам толқыны тактикасын» қолданып, дайындығы төмен сарбаздарды шайқасқа айдап салып жатқанын хабарлады.

Сонымен қатар, Байденнің өкілі жауынгерлерді өлім жазасына кесуді «варварлық әрекет» деп сипаттады.

Бұл ақпаратқа байланысты Кремльдің баспасөз қызметі де, Ресей қорғаныс министрлігі де, РФ-ның Вашингтондағы елшілігі де әзірге түсініктеме берген жоқ.

Дегенмен, Ресейдің Құрама Штаттардағы өкілі Анатолий Антонов өзінің Телеграм-мессенджерінде осы кінәға қатысты пікір білдірмесе де, АҚШ-тың Украинаға тағы 150 млн доллардың әскери көмек беру шешімін «халықаралық аренадағы арандатушылыққа және әскери жанжалды жеңілдетуге бағытталмаған отқа май құю әрекеті» деп сипаттады.

Киевтегі банкротқа ұшыраған режимге миллиардтап ақша беруді тоқтататын кез жетті және де өз азаматтарының пікіріне, Американың қаруынан құрбандар санының өсуіне немқұрайдылықпен, жиіркенішпен қарауды доғару керек,

дейді Антонов.

Украина әскерилерінің сөзінше, Ресей қанша шығынға ұшырап жатса да, елдің шығысындағы Авдеевка қаласын алу әрекетін тоқтатар емес.

Киевтің есебінше, осы қала үшін шайқаста Ресей 5000 адам жоғалтқан. Ал Пенттагон Ресейдің Авдеевка маңында «кемінде» 125 брондалған машина мен тұтас батальонға арналған техникадан айрылғанын хабарлап отыр.

Ресей жаулап алған Донецк қаласының маңында орналасқан Авдеевканы алу ресейліктерге майдан шебін артқа жылжытып, Украина армиясының Донецк облысындағы қарымта шабуылдарын қиындатуға мүмкіндік береді.

Ресей артиллериясы қайта-қайта снаряд жаудырып жатқандықтан, Авдеевканың 30 мың тұрғыны өзге аудандарға көшіп кеткен. Ал президент Владимир Зеленскийдің айтуынша, ондағы жағдай «өте ауыр».

АҚШ 2022 жылы ақпанда Ресейдің Украинаға басып кіруін қатаң айыптап, Украинаға айтарлықтай қауіпсіздік көмегін берді. Соңғы мәліметке қарағанда, Вашингтон Киевке осы күнге дейін 46 миллиард доллар әскери жәрдем жөнелтіп, ондаған миллиард доллардың қаржылық және гуманитарлық көмегін ұсынған екен.  

Дегенмен, осы аптаның басында республикашыл Майк Джонсон АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының спикері болып сайланғаннан кейін, бұл көмектің болашағы күмәнді бола бастады.

Республикалық партияның оң қанатындағы Джонсон АҚШ-тың Украинаға одан әрі жәрдемдесуіне қарсы және Джонсон бұған дейін осындай пакеттерге тыйым салатын түзетулерді қолдағаны белгілі болып отыр.

ТЕГи: Геосаясат
Анара Бауыржанқызы 27.10.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

Саясат

Қазақстан Киев шақырған саммитке қатысу мәселесін әлі қарастырып жатыр

05.06.2024
МаңыздыСаясат

Утильсбор деген қазақтың соры…

31.05.2024
Әлеуметтік желіге шолуСаясатСпорт

Турлов деген бәле болды…

30.05.2024
Саясат

Мирзияевке тіл тигізбе, сотталасың!

30.05.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?