Ресейде демографиялық аухал күрделеніп, адам саны азайып барады. Сондықтан елде ажырасқандар енді айыппұл төлеуі мүмкін.
2023 жылдың алғашқы алты айында 333 970 неке бұзылды. Росстаттың мәліметі бойынша, заңды түрде үйленген 1000 жұптың 900-і ажырасады екен.
Мамандар демографиялық ахуалды жақсарту керек деп есептейді. Өйткені бала туу көрсеткіші кейінгі 24 жылда төмендеген, деп жазады qazaqstan.tv.
140 миллион халқы бар елде 1 млн 245 мың бала ғана дүниеге келді. Сондықтан ажырасуды тоқтату үшін айыппұл салу туралы ұсыныс айтылды.
Алғашында айыппұл көлемі 30 мың рубль болуы тиіс деді. Ол ұсыныс бірақ осыған дейін қабылданбаған. Қазір енді заңды некесін бұзғандар 100 мың рубль айыппұл арқалауы мүмкін деген пікірлерді естіп жатырмыз,
деді Ресей адвокаттар одағының президенті Игорь Трунов.
Сондай-ақ ажырасқандарды түзету жұмыстарына тарту туралы ұсыныстар да бар. Дегенмен сарапшылар ажырасудың көбеюіне экономикалық қиындықтар, инфляция мен өмір сүру көрсеткішінің төмендеуі де әсер етті дейді.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…