Ресейде өз пәтерінде 27 жастағы петропавлдық қызды өлтіріп кетті

Қыздың денесі қоқыс үйіндіснің арасынан табылды.

Санкт-Петербургке көшіп барған 27 жастағы петропавлдық қызды өлтірді деген күдікпен Қырғызстан азаматы ұсталды. Бұл туралы Fontanka.ru. жариялады.

Фото: instagram.com/misssjuliana

Ресей ІІМ Санкт-Петербург және Ленинград облысы бойынша Бас басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, 24 қарашада қаланың Приморск ауданының полициясына 1983 жылы туған ер адамнан хабарлама келіп түскен. Өзінің 27 жастағы танысының жоғалып кеткенін, ол 23 қарашада Студенческая көшесіндегі пәтеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін инспекцияға барғаннан кейін, байланысқа шықпағанын хабарлаған.

25 қарашада хабар-ошарсыз кеткен азаматтың арызын тексеру кезінде полицейлер көрсетілген мекен-жай бойынша пәтерді қарап шықты. Тексеру кезінде бұрышта құрылыс қалдықтары салынған қаптардың арасынан үй иесінің полиэтиленге оралған денесі табылды.

Қыздың денесінен пышақ жарақаты, тұншықтыру іздері табылды.

РФ ҚК 105-бабы 1-бөлігі (адам өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Пәтерде жөндеу жұмыстарын жүргізген 41 жастағы Қырғызстан азаматы күдікке ілінді. Күндіз ол Петербургтен автобуспен кетіп қалғаны анықталды.

Мигрант 2 күн іздестірілді. Оны 27 қарашада Ресей ІІМ Санкт-Петербург және Ленинград облысы бойынша бас басқармасы қызметкерлері Мәскеу даңғылы, 36 мекенжайындағы жатақханадан шығып келе жатқанда ұстаған.

Қыздың айуандықпен өлтірілгені туралы ақпарат қала тұрғындарын ғана емес, бүкіл Қазақстандықтарды шошытты. Юлиананың таныстары оның жақсы, мейірімді адам болғанын айтып, оның өлімін желіде талқылап жатыр.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

2 дня ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

3 дня ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

4 дня ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

4 дня ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

4 дня ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

6 дней ago