Қыздың денесі қоқыс үйіндіснің арасынан табылды.
Санкт-Петербургке көшіп барған 27 жастағы петропавлдық қызды өлтірді деген күдікпен Қырғызстан азаматы ұсталды. Бұл туралы Fontanka.ru. жариялады.
Ресей ІІМ Санкт-Петербург және Ленинград облысы бойынша Бас басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, 24 қарашада қаланың Приморск ауданының полициясына 1983 жылы туған ер адамнан хабарлама келіп түскен. Өзінің 27 жастағы танысының жоғалып кеткенін, ол 23 қарашада Студенческая көшесіндегі пәтеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін инспекцияға барғаннан кейін, байланысқа шықпағанын хабарлаған.
25 қарашада хабар-ошарсыз кеткен азаматтың арызын тексеру кезінде полицейлер көрсетілген мекен-жай бойынша пәтерді қарап шықты. Тексеру кезінде бұрышта құрылыс қалдықтары салынған қаптардың арасынан үй иесінің полиэтиленге оралған денесі табылды.
Қыздың денесінен пышақ жарақаты, тұншықтыру іздері табылды.
РФ ҚК 105-бабы 1-бөлігі (адам өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Пәтерде жөндеу жұмыстарын жүргізген 41 жастағы Қырғызстан азаматы күдікке ілінді. Күндіз ол Петербургтен автобуспен кетіп қалғаны анықталды.
Мигрант 2 күн іздестірілді. Оны 27 қарашада Ресей ІІМ Санкт-Петербург және Ленинград облысы бойынша бас басқармасы қызметкерлері Мәскеу даңғылы, 36 мекенжайындағы жатақханадан шығып келе жатқанда ұстаған.
Қыздың айуандықпен өлтірілгені туралы ақпарат қала тұрғындарын ғана емес, бүкіл Қазақстандықтарды шошытты. Юлиананың таныстары оның жақсы, мейірімді адам болғанын айтып, оның өлімін желіде талқылап жатыр.