Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Саясат > Ресейде жыныс ауыстыруға тыйым салатын заң жазылды
Саясат

Ресейде жыныс ауыстыруға тыйым салатын заң жазылды

Арман Ерғалиев
Арман Ерғалиев 31.05.2023
Обновлено 31.05.2023 в 04:05
Поделиться
Поделиться

Заң жобасы парламентке түсті.

Ресей мемлекеттік думасына «хирургиялық әдіспен жыныс ауыстыруға толықтай тыйым салатын» заң жобасы түсті. Құжат «Денсаулық қорғау туралы», «Азаматтардың ахуалы жөніндегі актілер туралы» заңдарына тиісті түзету енгізуді қарастырады.

Мемлекеттік дума телеграм-арнасының хабарлауынша, заң жобасы авторлығына 400-ге тарта депутат кірген.

Заң жобасына сәйкес, трансгендерлік өзгеріске қатысты хирургиялық ота жасауға «бала жынысының қалыптасуы кезіндегі туабітті ауытқуларды емдеу» үшін ғана рұқсат беріледі. Ол үшін мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелеріндегі дәрігерлер комиссиясының тиісті шешімін алу керек.

Бұған қоса, заң жобасы ресми құжаттарда гендерлік маркерді ауыстыруға тыйым салады. Қазір мұндай гендерлік белгіні жыныс ауыстырғанын айғақтайтын құжат көрсету арқылы алуға болады.

Заң жобасының түсіндірмесінде Ресейде 2016-2022 жылдар аралығында жыныс ауыстыруына байланысты паспорт өзгерту жөнінде 2990 адам өтініш берген. Заң жобасы авторларының айтуынша, жыныс өзгерту және транссексуал туралы анықтаманы Ресейдегі көптеген жекеменшік клиникаларда «ешқандай кедергісіз» алуға болады.

«Заң не үшін қажет? Біз ұрпақтарға Ресейді оның мәдени және отбасы құндылықтарымен, дәстүрлі қағидаларымен жеткізіп, батыстың отбасыға қайшы идеологияларының дендеп енуіне тосқауыл қоямыз» деп мәлімдеді құжат авторларының бірі, депутат Петр Толстой.

Ресейде гомосексуал, бисексуал және трансгендер туралы жағымды ақпарат таратуға тыйым салынған. Заң бұзғандар азаматтар 400 мың рубльге, ал ұйымдар бес миллионға дейін айыппұл төлейді.

ЛГБТ+ өкілдерінің сауалнамаға қатысқан 83 пайызы Украинада соғыс басталғалы бері Ресей қоғамында гомофобия мен трансфобия әлдеқайда күшейгенін айтқан. Бұған қоса, ЛГБТ өкілдері алалау мен зорлыққа тап болған жағдайда полицияға сирек жүгінетін болған, өйткені олар мұнда да алалауға ұшыраймын ба деп қауіптенеді.

Арман Ерғалиев 31.05.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

Саясат

Қазақстан Киев шақырған саммитке қатысу мәселесін әлі қарастырып жатыр

05.06.2024
МаңыздыСаясат

Утильсбор деген қазақтың соры…

31.05.2024
Әлеуметтік желіге шолуСаясатСпорт

Турлов деген бәле болды…

30.05.2024
Саясат

Мирзияевке тіл тигізбе, сотталасың!

30.05.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?