Ресейдегі ахуал: Қазақстанға орыстар ағылып жатыр

ВВС хабарлағандай, 23 маусымда «Вагнер» PMK құрушысы Евгений Пригожин мен Ресей Қорғаныс министрлігінің ұзақ уақытқа созылған қақтығысы шегіне жетті. Кәсіпкер «вагнеровшылар» лагерлеріне Қорғаныс министрі Сергей Шойгудің тарапынан жеке санкциялаған зымыран соққылары болғанын мәлімдеді (ал министрлік мұны жоққа шығарды). Осыдан кейін Пригожин «Әділет шеруін» бастайтынын мәлім етті, көптеген адамдар мұны қауіпті әскери төңкеріс жасау әрекеті ретінде қабылдады.

Ресейдің ресми билігі зымыран шабуылдары туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын және мұның ақпараттық арандатушылық екенін жариялады.

Көтеріліс әрекетіне байланысты Ростов облысының губернаторы Василий Голубев аймақ тұрғындарына жүгініп, оларды үйлерінен шықпауға шақырды. Ол тұрғындарды сабырлы болуға шақырып, құқық қорғау органдары халықты қорғау үшін қажет нәрсенің бәрін істеп жатыр деп сендірді. Аймақтық ТЖМ Ростов облысындағы коменданттық сағат туралы есеп шындыққа жанаспайтынын айтты.

Ресей Федерациясының ФСБ тергеу басқармасы 2023 жылдың 23 маусымында Е.В. Пригожинге қатысты заңды және негізді түрде қылмыстық іс қозғады. Оның іс-әрекеттеріне тиісті құқықтық баға беріледі. Бұл қылмыс үшін 12 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

25 маусым күні «Вагнер» жасағы Мәскеуге 200 шақырым қалғанда кері қайтты. Евгений Пригожинге қарсы қарулы көтеріліс туралы қылмыстық іс тоқтатылады, «Вагнер» ЖӘК өзінің далалық лагерьлеріне кетеді, ал Пригожиннің өзі Белоруссияға кетеді деген келісімге қол жеткізілді.

Артынша Владимир Путин тікелей эфирге шығып, үндеу жасады. Ресей әскерлері қарулы көтеріліс ұйымдастырғандарды бейтараптандыру туралы қажетті бұйрық алды, деді президент Владимир Путин ресейліктерге үндеуінде.

Саналы түрде сатқындық жолына түскендердің, қарулы бүлік дайындағандардың, бүлік пен террористік әдістердің жолына түскендердің бәрі жақын арада жазаланады, заң алдында және біздің халқымыздың алдында жауап береді,

деді Ресей президенті.

Беларусь президенті Ресей президентімен келісе отырып, «Вагнер» ЖӘК басшысы Евгений Пригожинмен келіссөздер жүргізді. Келіссөздер күні бойы жалғасты. Нәтижесінде олар Ресей аумағында қанды қырғынды бастауға жол бермеу туралы келісімдерге келді. Евгений Пригожин Беларусь Президенті Александр Лукашенконың «Вагнер» компаниясының Қарулы адамдарының Ресей аумағында қозғалысын тоқтату және шиеленісті ушықтырмау жөніндегі одан әрі қадамдар туралы ұсынысын қабылдады.

Ресейде болған жағдайдан кейін әлеуметтік желіде көрші елден Қазақстанға келіп жатқандар туралы түрлі видеолар мен дәлел ретінде суреттер тарады.

Тіпті ұшақтың бағасы 4-5 млн теңгеге қымбаттап кеткен.

Алайда шекара бекеттері қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Ресей федералды қауіпсіздік қызметі Саратов облысы бойынша шекара басқармасының өкілдерінің айтуынша Қазақстанға кеткісі келетіндердің саны артпаған.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

Президентке Мәдениет және ақпарат министрлігінің атқарған жұмыстарының нәтижесі, сондай-ақ ведомствоның алдағы қызметі барысында қолданылатын перспективті…

11 часов ago

Қазақстанның Украинадағы елшілігі Нұрбай атаны құттықтады

Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери атташе кеңсесі офицерлерінің қатысуымен Ұлы Отан…

4 дня ago

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

1 неделя ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

1 неделя ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

2 недели ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

2 недели ago