Ресейдегі жұмылдырудың Қазақстанға тікелей әсері қазірдің өзінде түсінікті — бұл әсер негативтен гөрі позитивті.
Экономист Алмас Чукин жұмылдырудың Қазақстан үшін салдарын қорытындылады. Және Ресей үшін де. Ұзын, бірақ маңызды эссе болып шықты, әр жолы үкім сияқты естіледі. Сөзбе сөз ұсынып отырмыз:
Қазақстанға кімдер келді?
«Релоканттардың» ағыны қоғамда әртүрлі эмоция тудырды. Қақпа іс жүзінде жабылғанымен және қазірде соғысқа жұмылдыру жасындағы ер адамдарға елден кету біраз қиындағанымен ресми мәліметтер бойынша, Ресей Федерациясынан екі апта ішінде 700,000 адам кетіп, олардың 200,000-ы бізге келді.
Бізге байшігештер немесе орталықтың адамдары келмегенін түсінуіміз керек. Төлқұжаты бар, визасы бар адамдар әлдеқашан басқа елдерді таңдаған. Бізге төлқұжатсыз және визасыз ішкі жолмен кіруге болады. Оған тіпті ұшақ та қажет емес, автобус болса жеткілікті. Жағдайы барлар рейстерге билет таба алмай, жеке чартерлерді жалға алып, осы күндері Мәскеуден осы типтегі мыңдаған шағын және үлкен ұшақтар ұшып кеткенге ұқсайды.
«Бұл Қазақстан үшін жақсы ма, әлде жаман ба» деп менен бірнеше адам сұрады. Біріншіден, хайп пен шуды фактілерден ажырату керек. Әлбетте, бұл жігіттердің көпшілігі әлі не болып жатқанын түсінбейді және өз болашағын елестететін жағдайда емес. Олардың көбі басқа елдерге баруды көздеп отыр, сыбыс бойынша көбі Қырғызстанға кетіп жатыр. Онда өмір сүру құны арзанырақ, Ыстықкөлді таңдап жатқандар да аз емес. Бос пансионаттар теңіз жағасында ноутбукпен жұмыс істеуге тамаша және арзан база.
Көші-қонның артықшылықтары
Сұраныс жағынан бәрі тәуір сияқты көрінеді. Егер олар орташа есеппен айына 500 доллар жұмсайтын болса, онда бұл бөліктегі өсім айына 100 миллион долларды құрайды. Бұл жігіттердің барлығы дерлік жұмысқа қабілетті және еңбек нарығын едәуір нығайта алады, бірақ жалпы алғанда 9 миллион халқы бар ел үшін бұл онша көп емес. Сондықтан, жалға берілетін тұрғын үй нарығының уақытша тұрақсыздығынан басқа, оң тұсы кемшіліктерден асып түседі.
Белсенді еңбекке қабілетті адамдар «бос жұмыс орындарын иемденіп алудан» гөрі құнды көбейтеді және жұмыс орындарын құрады. АҚШ жылына 1,5 миллион адамды қабылдайды және жұмыссыздық одан өспейді — керісінше экономикасы өседі.
Айтпақшы, Моңғолия ерекше әрекет етті — олар Ресей Федерациясынан келген барлық иммигранттарға, әсіресе рухы тұрғысынан жақын буряттарға, тувалықтарға және басқа Сібір халықтарына тұруға ықтиярхат беруді шешті. Жалпы, бұл елдің соғысқа реакциясы өте айқын және Ресей Федерациясынан Қытайға Моңғолия аумағы арқылы газ жақын арада ағылады дегенге өз басым сенбеймін.
Барлығын соғыс басқарады
Ал соғыс шарықтау шегіне жетіп келеді. Алдағы айларда бірдеңе болуы керек. Кез-келген соғыстың үш соңы бар. А немесе В тарапының жеңілісі немесе Израиль мен Палестина қақтығысы немесе 2014 жылдан бері қазіргі уақытқа дейін созылған Минск келісімі сияқты қиын жағдай. Қыс тақап келеді, жертасаларда көп отыра алмайсың, және оның мәні де жоқ. Бір-бірінен қашықтықта тұрып, оқ жаудыра береді.
Мен мына тарап немесе басқа тарап жеңеді деп болжам жасағым келмейді, бірақ бір нәрсе анық — соңына дейін, сарқылғанша шексіз соғысу РФ үшін пайдалы емес. Бұл біртүрлі дүниежүзілік соғыс болғалы тұр — бір жағында әлемнің 57 елі, ал екінші жағында жалғыз Ресей. Ресей Федерациясының мұндай қысымға экономикалық тұрғыдан төтеп беру мүмкіндігі шамамен 0 бүтін және 1 мың пайыз.
Жұмылдыру экономиканы құлдыратып жатыр
«Ішінара» жұмылдыру бұл бірінші кезеңдегі жұмылдыру. Жүктілік сияқты ол да басталады және кестеге сай қозғалады. Егер тарихты еске түсіретін болсақ, 1941 жылы КСРО-да жалпы жұмылдыру 1905-1918 жылдар аралығында туған ер азаматтарды тартудан басталды, айтпақшы, олардың 100-ден 10-нан азы тірі қалды.
Жұмылдыру – бұл экономиканы дамыту үшін жасалатын ең сорақы шешім. (Украинада, айтпақшы, кең ауқымды жұмылдыру экономиканың 30% құлдырауына жанама түрде әсер етті). Отбасылардан асыраушылар, компаниялардан қызметкерлер, бизнестен иелері мен менеджерлері, институттардан қызметкерлер кетеді. 300,000 адамды жұмылдыру үшін кем дегенде миллион-бір жарым миллион шақыру қағазын жіберу керек, өйткені жартысы келмейді, үштен бірінде бармауға себебі болады. Кетіп қалған 700,000 да осылардың ішінде.
Яғни, 2 миллионға жуық адам жұмыстан шығарылды, бұл өте көп. Олардың отбасылары, қарыздары мен ипотекалары, ата-аналары мен қалыңдықтары бар. Осы 2 миллионнан басқа, жұмылдырудың екінші бөлігін күтіп жүрген қалған миллиондаған адам бар, олар осы бірінші «бөліктен» шығып қалғандардың орнына барады.
Жаңа шақырту қанша тұрады?
Енді шығындарға тоқталайық. Барлық жұмылдырылғандарға келісімшарт бойынша әскери қызмет етіп жүргендермен теңдей шарттар қолданылады, қатардағы жауынгер үшін айына шамамен 200,000 рубль немесе 3,333 доллар. Бәріне есептесек, миллиард долларға түседі, ал офицерлерді ескерсек, айына 1.5 миллиард долларға дейін өседі, шабуыл үшін қосымша төлемдерді және басқаларын есептемегенде. Оларды тамақтандыру, тасымалдау және қаруландыру керек, бұл үшін тағы 1000 доллар қосу керек, бұл айына тағы 300 миллион доллар. Барлығы 2 миллиард доллар шығын.
Соғыс салыстырмалы түрде арзан болған кезде, ауыр қару-жарақты сатып алудың қажеті жоқ болатын, қоймалардан бұрын сатып алғандарын пайдаланған. Бірақ қорлар тез таусылады, қорғаныс өнеркәсібін реттеу керек, жаңа қарулар алу керек. Мұнда да миллиардтаған шығын.
Жалпы, өткен жылы Ресей Федерациясының бүкіл бюджеті 340 млрд болды, оның 45-і Ресей гвардиясы мен басқа да әскерилендірілген ұйымдарды есептемегенде Қорғаныс министрлігіне кетті. Соғыс өршіп тұрғанда әскери шығындар да екі еселене түседі, оны бір жерден өтеу қажеттігі туындайды.
Әскерге шақырылғандардың сапасы — үлкен сұрақ
Соғысқа бара жатқан «көңілді» жігіттер түсірілген видеоларды көбіңіз көрген боларсыздар. Айталық, олардың 20 пайызы шынымен жақсы дайындалған бұрынғы әскери қызметшілер болсын. Бірақ олардың заманауи қару-жарақтан хабары бар ма? Әлем де, өмір де өзгерді. Төменде бүгіндікке жаяу әскердің ең қорқынышты қаруының суретін салдым — бұл лазерлік нысананы дәлдеуші. Бұл заттың операторының басты міндеті — қарсыластары оған оқ жаудыра алмайтындай қашықтықта тұрып, сол жерден нысананы анықтап, оларды лазермен жарықтандыру керек.
Бұл арқылы ұшақтар, артиллерия, дрондар, зымырандар соққылар жасайды, осылайша жұмыс орындалады. Автоматпен жүгіріп, уралаудың қажеті жоқ.

Жақында Херсонда Ресей Федерациясының әскерлері күні бойы байланыссыз қалғаны туралы хабар көпшіліктің назарынан тыс қалды. Шамасы, УӘК радиоарналарды басу құралдарына ие болған сияқты және сол кезде пайдаланды. Бірақ бұл Украинаның барлық әскерлері басқа принциптерде жұмыс істейтін жаңа байланыс құралдарын алғанын білдіреді, әйтпесе олар да байланыссыз қалар еді. РЭБ құралдары тек өз байланыстарымен жұмыс істейді, әйтпесе бәрі өшіп қалады.
Түйін жоқ
Сарапшы жазбасын қорытындыламады. Алайда, байқағаныңыздай, бұл талдаудағы әрбір жолдың өзі үкіммен пара-пар, артықшылық кімнің жағында екені анық көрініп тұр. Чукин кімнің жеңетінін болжағысы келмегенімен, қорытындысы бәріне мәлім сияқты. Бірақ экономисттің жеткізгісі келгені басқа — соғыстың нәтижесіне үңілмей-ақ, нақты экономикасын сипаттау. Дәлірек айтқанда — экономикасының тұңғиыққа құлдырап бара жатқанын.