Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Саясат > Ресейдегі сайлау Қазақ еліне қалай әсер етеді?
Саясат

Ресейдегі сайлау Қазақ еліне қалай әсер етеді?

Сая Манарбековна
Сая Манарбековна 11.12.2023
Обновлено 11.12.2023 в 02:12
Поделиться
Фото: adyrna.kz
Поделиться

Ресейде келер жылдың 17 наурыз күні президент сайлауы өтеді. Аталған сайлауға елдің қазіргі президенті Владимир Путин қатысатынын мәлімдеді.

Халықаралық сарапшы Жанат Момынқұлов көрші елдегі сайлаудың Қазақ еліне қаншалықты әсер ететінін бағамдап көрді. Сондай-ақ ол бұл сайлауда біздің билік Путиннің жеңіске жетуіне тілектес болатынын ескертті, деп жазды Адырна агенттігі.

Менің ойымша, Путиннің билікте қалуын біздің мемлекетіміздегі саяси, әскери элитадағы азаматтар қалап отыр. Әрине, халық оны қаламайды. Бірақ біздің элитадағы Ресеймен экономикалық жағынан байланысты олигархтар қалап отыруы мүмкін. Өйткені біріншіден гарантия мәселесі бар.

Ашығын айтар болсақ, Қазақстанның басына күн туып, Назарбаев айтқандай екі жақ билікке таласып жатқанда екі жақтың бірін билікте қалдырып, кепілдік берген кім дегенде Путинді еске түсіреміз. Ол алай, бұлай болып кетсе, бізде алаңдаушылық болады деп ойлаймын. Себебі бұл жерде Қазақстанның саяси режимінің гарантиясы мәселесі де бар. Біздің саяси режимге кім келіплдік берді?

Сарапшы сөзін былай жалғастырды.

Қазақстанда Путиннен де жаман адам билікке келетін болса, не істейміз деген ой бар.

Себебі Қаңтар оқиғасы кезінде Қазақстандағы жағдайды тұрақтандыруға Путиннің де үлесі болды. Әрине, біз елдегі билікке таластың астарын толық түсінбейміз. Қаңтардан бір апта бұрын Санкт-Петербургта Путин, Тоқаев және Назарбаев кездесті ғой. Оның алдында екі апта бұрын Путин Қытай басшысы Симен телефон арқылы сөйлесті. Олардың арасында Қазақстанға байланысты не әңгіме болды, саудаласу болды ма? Бұл сұрақтың жауабын біз біле алмаймыз. Осындай жағдайдан кейін Ресейдің Қазақстанда ықпалы зор деп ойлаймын.

Жанат Момынқұлов Кремльге кім келсе де, аталған елдің саясаты өзгермейтінін айтады.

Ресейде қалыптасқан үлкен бюрократиялық мемлекеттік қызметкерлер мен әскерилер 3-4, ары кетсе 5 миллион элита бар. Мемлекеттің өзегін құрап отырған топтар қандай жағдай болмасын, осы билікті сақтауға мүдделі. Себебі Ресейдің қоғамдық-саяси жүйесіне әсер ететін көпшілік және азшылық деген ұғым онда аса маңызды емес. Мысалы, демократиялық елде көпшіліктің дауысы арқылы басшы сайланады. Ал Ресейде көпшілік деп халықты атамайды, Кремльден бастап, мемлекеттік органда қызмет ететін 4-5 млн азаматтарды атайды. Егер осылар Путинді қолдайтын болса, Ресейдің ұғымындағы көпшілік деген осы.

Ресейде халықты тек қана масса деп, оны үлкен күш деп қабылдамайды. Ал халықты пропагандамен тойдырып қойған.

Ал Ресей алда өзінің басымдығын сақтап қалу үшін не істейді?

Әрине, ақпараттық салада өзінің жұмысын іште, сыртта және Орталық Азия елдерінде арттыра түседі. Екінші экономикалық салада барлық қиындықты еңсердік деп халықтың оптимизмін арттыруға тырсады. Одан кейін халықаралық деңгейдегі қайшылықтарды арттыруға жұмыс істейді.

Мысалы ХАМАС-тың бұрқ ете қалуы мен Путиннің Иран президентін Райсиды Кремльде қабылдауы және оның Сауд Арабия мен әмірліктерге баруы Таяу Шығыста Израилге, дәлірек айтқанда АҚШ-қа қарсы алянстың қалыптасқанын білдіреді. Бұл жерде бір тұтас алянс болмаса да бір-бірімен бәсекелесіп жатқан бірлестіктер деп атауға болады.

ТЕГи: Геосаясат, Главное, Қазақстан, Қасым-Жомарт Тоқаев, Сарапшылар ойы, Шетел басылымдарына шолу
Сая Манарбековна 11.12.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?