Amanat партиясының 24-съезі алаңында Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов ресейлік мұғалімдердің Қазақстан мектептерінде жұмыс істей алатын-алмайтынын айтты. Бұл туралы Zakon.kz жазды.
Асхат Аймағамбетов елімізде мектепте жұмысқа орналасу үшін бір жыл бұрын енгізілген белгілі талаптардың бар екенін айтты.
Диплом жеткіліксіз. Еліміздің кез келген азаматы немесе азаматтығы жоқ адам мектепке жұмысқа орналасу үшін ұлттық біліктілік сынағынан өткені туралы сертификаты болуы керек. Адам біздің әдістемемізді, бағдарламамызды білуі және өз пәнін жақсы білуі керек. Диплом жеткіліксіз, сертификат керек,
деді министр.
Сонымен қатар министр Қазақстанда оқу жылы басталып та кеткенін айтты.
Тарификация қазірдің өзінде жүргізілді, бос орындар толтырылды. Сондықтан мұндай мәселе жоқ,
деді Асхат Аймағамбетов