Categories: Саясат

Ресейдің Бахмутты басып алғаны – жалған ақпарат — Зеленский

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей Қарулы күштерінің Бахмутты басып алғаны жалған ақпарат екенін айтты. Бұл туралы ол Жапонияның Хиросима қаласында өткен баспасөз мәслихатында қойылған сұраққа жауап бергенде мәлімдеді.

Оның айтуынша, Украина әскері Бахмутты бір жылға жуық уақыт бойы қорғап келеді. Жауынгерлер Бахмутта «Вагнер» жалдамалылардың соққысына қарсы тұрып, Отанды қорғаудың үлгісін көрсетіп жатыр.

Қазір мен әскерилердің тактикасы туралы айта алмаймын. Өйткені соғыс кезінде оны дүниежүзіне айту дұрыс емес. Бір ғана айтайын дегенім,  жақын арада біздің қаһарман сарбаздарымыз жауды өз жерімізден қуып шығады. Ол үшін бізде ерік-жігер мен күш-қайрат бар. Сондықтан Ресей Қарулы күштерінің Бахмутты толығымен басып алғаны туралы ақпарат – жалған,

деді Зеленский.

Сонымен бірге ол Бахмуттың кезінде атом бомбасы тасталған Жапонияның Хиросима қаласымен ұқсас жағдайда екенін айтты.

Қазір Бахмут Хиросима қаласына ұқсас жағдайда болып тұр. Қаланың сау жері қалмаған. Мен болашақта Бахмуттың Хиросима сияқты қайта салынып, үлкен қалаға айналатынына сенемін,

деді ол.

Осының алдында Украина Қарулы күштері жаяу әскерлерінің қолбасшысы, генерал-полковник Александр Сырский де украин жауынгерлерінің Бахмуттың бір бөлігін жауға бермей, қорғап тұрағнын айтқан еді.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago