Әй, Эритрея қайда?
«Ресейдің Орталық Америкадағы маңызды серіктесі – Гондурас. Осынау белді мемлекетпен саяси диалогымызды әрі қарай дамыта береміз», деді кеше Путин.
Беті бүлк етпестен.
Оны тыңдап отырған кей орыстар күліп жіберді.
Бұл жолы тіпті Путин сөйлеп болған соң ешкім шапалақ соққан да жоқ. Тіпті сонау «стратегиялық» Гондурастан келгендер де.
Айтпақшы, Гондурас та Ресей сияқты демократияға толық өте алмай қалған, автократиямен жүретін гибридтік режим еді.
Шала демократиялық гибридтік режимдер көбіне шикізат сататын мемлекеттерге тән келеді.
Мұндай режимдердің не өлмейтін, не өзгермейтін сұмдық өміршеңдігі бар.
Гибридтік режимдерді сараптаумен айналысатын Батыс зерттеушілері ондай елдерде демократиялық институттар тек көзбояушылық үшін құрылатынын біледі:
- қандай сайлау өтсе де билігі өмірі ауыспайды, еш өзгермейді;
- баспасөзінің бәрінің бір-бірінен ұрлап алып айтып-жазатыны бір тақырып;
- парламенттегі оппозициясымағы тура билеуші партия сияқты дауыс береді.