Ресейдің қорғаныс министрі Шойгу мобилизация аясында әскерге 200 адамның алынғанын мәлімдеді.
Ал Forbes басылымының жазуынша,
соңғы екі аптада Ресейден 1 миллионға жуық адам кетіп қалды.
Шындығы сол, Ресей билігі мобилизацияны да жөндеп жүргізе алмады.
Халық Путинді қаншалықты қолдайтынын аяғымен анық көрсетті. 200 мың адам күштеп жұмылдырылды, 1 миллион адам қашты. Мұны тарихтағы бір оқиғамен салыстыруға болады: Берлин қоршауы құлардың алдында немістер ГДР-ден осылай жапа-тармағай қашқан еді. Енді сәл күтсек, фашистік биліктен бүкіл Ресей қашып кетеді. Екі аптада миллион адамның қашқаны үлкен үміт сыйлайды. Ресей Путиннің режимінен құтылады деген үмітті,
дейді ресейлік тарихшы Дмитрий Чернышевский.