Ресейге «сатқындық» жасаған блогерлерді өлім жазасына тарту ұсынылды

Мемлекеттік Думаның депутаты Андрей Колесник Ресейге «сатқындық» жасағаны үшін өлім жазасын енгізуді ұсынды.

Колесник “Подмосковье сегодня” басылымына берген сұхбатында осындай пікірін ортаға салды.

Саясаткер сырттай сотталған Ресей публицистері мен елден кетіп қалған блогерлер де “cатқындар” санатына кіретінін жеткізді.

Жарайды, олар Ресейден қашып кетті, отырсын, жұмыс істесін. Бірақ адам Ресейге қарсы жұмыс істегенде – бұл «ақпараттық соғыс» деп аталады. Бұл кәдімгі қарудан қауіптірек. Зұлым тілдер мылтықтан анағұрлым қорқынышты,

деп атап өтті Колесник.

Оның айтуынша, «Отанын сатқандар» заң бойынша жаза алған. Ол сондай-ақ сотталған ресейліктерді Отанына қайтармай-ақ үкімді орындауға болатындығын жоққа шығармады.

Менің жеке пікірім – егер адам Ресейге қарсы қандай да бір ауыр қылмыс жасаған болса, онда үкім басқаша болуы мүмкін. Бұл үкімді ол (сотталушы – ред.) тұрған аумақта орындауға болады,

деп қорқытты депутат.

Журналист депутаттың өлім жазасы туралы айтып тұрғанын нақтылауға тырысты.

Сатқындық үшін бұл айрықша жазаны қолдануға болады. Қазір бізде өлім жазасына мораторий бар, дегенмен ол біздің заңнамада бар. Мораторийді алып тастау туралы шешімді Мемлекеттік дума емес, сот қабылдайды. Десе де, Мемлекеттік Думада көптеген адамдар мұны қолдайды,

деп жауап берді Колесник.

Ресей Конституциясына сәйкес, 1997 жылдан бастап өлім жазасы тағайындалмауы және орындалмауы керек.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago