Ресейлік журналист Украинадағы соғыс жайлы жазбасы үшін 6 жылға сотталды

Барнауыл соты журналист Мария Пономаренконы Ресей армиясы туралы «қауесет» таратқаны үшін 6 жылға бас бостандығынан айырды.

RusNews-тің жазуынша, сот Мария Пономаренкоға бес жыл журналистік қызметпен айналысуға да тыйым салды.

Пономаренко 2022 жылдың сәуірінде ұсталды. Тергеу мәліметтері бойынша, наурыз айының ортасында ол Telegram-да «жалған ақпарат» жариялады. Ол Ресей әскери күштері Мариупольдегі драма театрына әуе шабуылын жасады деп жазған. Журналист ресми ақпарат көздері, соның ішінде Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарғанын біле тұра көпе-көрінеу жалған ақпарат таратты деп айыпталды.

Тергеу изоляторында журналист психикалық жағдайының нашарлауына шағымданып, тамырларын кескенін айтты. 2022 жылдың қарашасында Пономаренко үйқамаққа ауыстырылып, бұрынғы күйеуінің пәтерінде болды. Қаңтар айының соңында журналист қайтадан түрмеге жіберілді, бұған бұрынғы жұбайымен ұрысып, үйден кетуі себеп болған.

Пономаренко соңғы сөзінде өзін қылмыскер деп санамайтынын айтты.

Егер соғыс емес, «арнайы операция» болса, маған қандай негізде әскери цензура қолданылады? (Ресей билігі Украинаға басып кіруді соғыс деп атауға тыйым салады),

деді ол.
Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago