Categories: Экономика

Ресейліктердің Қазақстан банктеріне салымдары күрт өсті

Шетел азаматтарының қазақстандық банктердегі салымдары айтарлықтай өсті.

Бұл туралы Ұлттық банк мәлім етті.

Қазақстанда резидент еместердің салымдары 2022 жылғы қаңтармен салыстырғанда 2023 жылғы қаңтарда 3,8 есе өскен. Есепке сүйенсек, бұл негізінен 2022 жылдың ортасынан бастап Ресей Федерациясы азаматтарының көші-қоны аясында жеке тұлғалардың валюталық шоттарына валютадағы қаражаттың түсуіне байланысты.

Айта кетейік, Қазақстаннан ақша аударымдары бір айда 25 миллиардтан астам теңгеге қысқарды.

Ұлттық банк мәліметінше, 2023 жылдың қаңтарында шетелге ақша аудару жүйелері арқылы 49,2 млрд теңге жіберілген. Бұл 2022 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 25,4 млрд теңгеге немесе 34,1% аз.

Мамандардың талдауынша,  айлық мәнде көрсеткіштер төмендегімен, 2022 жылдың қаңтарымен салыстырғанда Қазақстаннан жіберілген аударымдар 3,4 млрд теңгеге өсті. Атап айтқанда, Ресей (+5,8 млрд теңге) және Түркияға (4,3 млрд теңге) аударымдар көбейген.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago