Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі демалыс күндерін 2022 жылға ауыстыру туралы үкімет қаулысына түзету жобасын жариялады.
Құжат бойынша, қазақстандықтар 22 қазан, сенбі күні жұмыс істейді, ал 23-25 қазан 3 күн қатарынан демалады.
Азаматтар сейсенбі күнгі жұмысты сенбі істейді, ал жұмыс күніне түсіп тұрған 25 қазан — Республика күнінде демалады.
Жұмыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында демалыс күндерін ауыстыру жоспарланған.
Құжат Ашық НҚА сайтында 12 қазанға дейін талқылау үшін жарияланды.
Айта кетейік, 22 қыркүйекте парламент 25 қазан – Республика күнін мемлекеттік мереке қатарына қоатын түзетулер қабылдады.