Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Қоғам > «Республика күнін бір-ақ күн тойлауымыз жомарттығымызға сын» — тарихшы
Қоғам

«Республика күнін бір-ақ күн тойлауымыз жомарттығымызға сын» — тарихшы

Анара Бауыржанқызы
Анара Бауыржанқызы 22.10.2022
Обновлено 22.10.2022 в 11:10
Поделиться
Поделиться

1923 жылы 29 қазан күні елдің тұңғыш президенті Мұстафа Кемал Ататүрік ел конституциясына өзгерістер енгізіп, Түркия Республикасы деп жариялағалы бері бұл күн жыл сайын Түркияда сән-салтанатпен. Алайда, Қазақстан бұл сценариймен жүре алмайды. «Біздің тұңғыш Президент Назарбаев Ататүріктей тарихқа кіре алмады. Өкінішті жері сол», — дейді академик, тарихшы, ғалым Алаш идеясын зерттеуші Хангелді Әбженов El.kz порталына берген сұхбатында.

«Біз ешқашан Түркияның сценарийімен жүре алмаймыз. Және ондай сценариймен жүрудің қажеттілігі де жоқ. Негізімізден, түп нұсқамыздан ажырамауымыз керек деп ойлаймын. Сондықтан бұл мереке төлтума мерекемізге айналса деген арман бар менде»,

дейді академик Әбженов.

Айтуынша, Республика күнін қазақ айтатындай ақ түйенің қарны жарылған күн деп қабылдауымыз керек. Өйткені бұл күн мемлекетіміздің жаңа тұрпатта, жаңа деңгейде туған күні.

«Біздің өстіп шалқып жүргеніміз мемлекетіміздің барлығынан. Мемлекеті жоқтардың қай кезде де көңілдері пәс болады. Бізге қызыға да, қызғана да қарайды. Осы жерді сақтап қалған бабаларымызға мыңда бір рахмет. Мемлекеттің негізгі тірегі жер десек, осыншама жерді бізге мұраға қалдырды. Мемлекеттің әлеуметтік негізі халық десек, халықтың жақсы қасиеттер өте мол. Соның бәрін осы 25-ші қазанда шығарып, емен-жарқын ойнап-күліп жүрсек – одан асқан бақыт бар ма жер бетінде?

Біздің оптимизміміз, гуманизміміз, болашаққа деген сеніміміз 25-ші қазан күнгі барлық бағдарламада менмұндалап көрініп тұрса құба-құп. Қазақ оптимист халық. Қазақ гуманист халық. Қазақ болашаққа сенімі зор халық. Біз осы ұстанымдарымызбен Респулика күнін тойласақ дұрыс болады-ау»,

деген ұстанымда тарихшы.

Хангелді Әбженовтың айтуынша, Республика күнін тойлауға бір-ақ күнді бөліп, біз сараңдық таныттық. Бұл мереке 3-5 күн тойлауға лайық мереке.

«Енді бір ғана өкініш, бір ғана өтініш сондай ұлы күнді, ұлы оқиғаны бір-ақ күн той қылғанымыз жомарттығымызға сын. Неге біз бұл күнді бір-ақ күн тойлауымыз керек?  Неге үш күн емес, неге бес күн емес?  

Тәуелсіздік күнін де бір-ақ күн тойлайтын болып қалдық. Бұл жерде біз сараңдық таныттық. Кең ауқымда өзімізді көрсете алмай қалдық.

(…) Биыл жарайды бір күн болсын, алдағы жылдары үш күн тойлатайық, бәлкім бес күн тойлатармыз. Себебі декларация дегеніміз бұл ықылас-ниет деген сөз. Біз тоқсаныншы жылы азаттыққа, тәулсіздікке, бостандыққа деген ықылас-ниетімізді ашық айттық. Жасқанғанымыз жоқ, қорқып-үріккен емеспіз. Ештеңеден қаймықпай, тартынбай ойымызды айттық. Сол ниет-ықылас арада бір жыл өте бере нақты іске айналды. Бұлардың бірін төмен екіншісін жоғары қоймау керек. Екеуін де ұлттық мереке деп жариялау азаматтық іс болар еді. Сонда біздің өз тарихымызға деген құрметіміз, өзіміздің мемлекетімізге деген махаббатымыз басқаларға үлгі болып тұрары сөзсіз!», — дейді тарихшы.

ТЕГи: Главное
Анара Бауыржанқызы 22.10.2022
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?