Оның ұшағы Нұр-Сұлтанға жергілікті уақытпен 17:45-те қонады.
Рим Папасы Франциск өзінің 38-ші Апостолдық саяхаты аясында Қазақстанға үш күндік мемлекеттік сапарымен келе жатыр. Бүгін ол Фьюмичино қаласынан жергілікті уақыт бойынша 7:36-да ұшаққа отырған. Нұр-Сұлтанға жергілікті уақытпен 17:45-те келеді. Бұл туралы Ватиканның ресми сайтында хабарланды.
Сапарының бірінші күні Рим-католик шіркеуінің басшысы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен, сондай-ақ елде тіркелген шетелдік дипломатиялық корпус және азаматтық қоғам өкілдерімен кездесулері жоспарланған.
Екінші күнде Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезінің ашылуына және жалпы отырысына, сондай-ақ кейбір басқа дінбасыларымен бірқатар кездесулерге қатысады деп күтілуде.