Ұрланған астық және банктердің күрделі жағдайы. 6 шілде

Әлеуметтік желілерде бензин шығаруға тыйым салу, елорданың атын өзгерту және екі банктің бірігуі туралы жаңалықтар кеңінен талқыланды.

Қазақстандағы танымал «Макдональдс» мейрамханалық франшизасы төлемді қабылдаудағы техникалық проблемаларға байланысты жұмысын тоқтата тұруы туралы жаңалық қоғам назарына ілікті. Бірі мұны Қайрат Боранбаевтың тұтқындалуымен байланыстырса, басқалары Ресеймен ынтымақтастық үшін «қайталама санкциялар» салынды деген болжам жасады. Сонымен қатар, азық-түліктің сапасы мен америкалық фаст-фудтың ұлттық тағамдарға тигізетін қаупі туралы қызу пікірталастар туындады.

Елден бензин мен дизель отынын шығаруға үкіметтің жартыжылдық тыйымы қажетті, оң шара ретінде қабылданды. Алайда, тыйым Қазақстандағы осы тауарлардың құнына қатысты алаңдаушылық, сондай-ақ наразылық пен мысқыл сұрақтар туғызды.

Вице-премьер Тоғжановтың Нұр-Сұлтан күні және елорданы қайта атау қажеттілігі қарастырылмайтыны туралы мәлімдемесі мереке туралы пікірталасты, сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев және қазіргі президенттің жақтастары мен оппозициялық аудитория арасында қақтығыс тудырды.

Қазақстан ұрланған украин астығын Түркияға тасымалдау үшін «Жібек жолы» кемесін жалға алған ресейлік компаниямен шартты бұзуға мүдделі екені туралы жаңалық оң қабылданды. Оқиға қазақстандық биліктегі батысшыл бағыттың жеңісі ретінде қабылданды.

Ішкі туризмді дамытуға пиар-акция ретінде саналатын Дәурен Абаевтың Оқжетпесті бағындыруы қызу пікірталас тудырды. Ақпараттық себеп Қазақстандағы туристік саланың болашағына алаңдаушылық туралы әңгімелерге түрткі болды.

Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық маска тағуды қайта бастау туралы ұсынысы дұшпандық реңкте немесе үлкен сенімсіздікпен қабылданды. Ковидтік пандемия туралы тақырып кең аудиторияның ашуын тудыратыны байқалады.

Тамыз айында түпкілікті қабылданатын ЦентрКредит Банкі мен Eco Center Bank (бұрын — Альфа-Банк Қазақстан) банктерін біріктіру туралы шешім отандық қаржы жүйесінің күрделі жағдайы туралы алаңдатарлық пікірлер мен пікірталастар тудырды. Бұл тұрғыда ақырзамандық болжамдар танымал. Мұны сарапшылар да, қатардағы комментаторлар да айтып жатты.

Криминалдық хроникадан ірі ҰҚТ қатысушыларын Тараз және Шымкент қалаларында ұстау бойынша ҰҚК арнайы операциясы БАҚ-та көп жарияланды.

Ауғанстаннан бес реактивті снаряд құлаған Өзбекстаннан келген жаңалық ерекше назар аударды. Мұны әскери қимылдардың ықтимал басталуы деп болжаған аудитория алаңдаушылықпен қабылдады, алайда кейбірі өзбек билігі азаматтардың назарын Қарақалпақ мәселесінен аударғысы келеді деген пікір де айтты.

Екі айға белгілі журналист Махамбет Абжан тұтқындалды, оған бопсалау бойынша айып тағылды. Кең аудитория құқық қорғау органдарының қудалауын саяси негізделген деп есептейді.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

12 минут ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

21 час ago

Шымкентте мектеп директоры 48 млн теңге жымқырды

Шымкентте 48 млн теңге жымқырды деген айып тағылған №44 орта мектеп директоры және оның орынбасары,…

22 часа ago

Студенттердің тамақтануы: фастфуд басым болып келе ме?

«Денсаулық» Ұлттық қауымдастығы» ЗТБ және Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU) Алматының студент жастарының салауатты өмір салтына…

2 дня ago

Ақтауда мектеп күзетшісі оқушы қызды зорламақ болды

Оқиға 11-шағын ауданда орналасқан №10 мектепте жексенбі күні болған, деп хабарлады sadaqmedia.kz. Білім беру ұйымының…

2 дня ago

Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын…

2 дня ago