Түркияда дәрігерлер шетелге кетіп жатыр

Бұған елдегі өмір сүру деңгейінің күрт төмендеуі әсер етті. Елдегі жылдық инфляция көрсеткіші 78,6% — ға дейін өскен. Ал азық-түлік екі есе қымбаттаған.  

Елін тастап шет елге көшкен дәрігерлер саны күн санап артуда. Түрік медициналық қауымдастығының мәліметтері бойынша,  былтыр елден 1400-ден астам маман кетсе, өткен айда 229-ы көшкен, деп хабарлайды Euronews

Анестезиолог Тахсин Чинар Стамбулдағы мемлекеттік ауруханада жұмыс істейді. Алайда ол заңгерлікке ауысуды жоспарлап отыр.

Дәрігерлердің төрттен бірі шет елдерін үйренуде. Олардың көпшілігі неміс тілін оқиды. Келісімшарт уақыты аяқталса болды, Германияға көшіп, жұмыс ортасын ауыстыруға дайын. Әрине, білікті мамандарды жоғалту-еңбек ресурсының төмендеуіне әкелетіні белгілі. Шындығында біздің мамандығымыз бұл жерде бағаланбайды

дейді ол.

Таяуда Түркия үкіметі бюджет қызметкерлерінің жалақысын 40% — ға көтерді. Алайда бұндай шешім өмір сүру деңгейінің өсу проблемасын шеше алмайды.  

Экономист Энес Өзкан мықты кадрлардың кетуі тым жоғары инфляциямен тікелей байланысты деген пікірде.

Ең алдымен инфляцияның себептерін анықтау керек.  Шын мәнінде, Түркияның нашар экономикалық моделі инфляцияны тудырады,

дейді ол.

Ресми деректер бойынша, маусым айында Түркияда  инфляцияның жылдық көрсеткіші 78,6% — ға дейін өсті. Ал азық-түлік пен алкоголь тауарларының бағасы екі есе қымбаттады. Бірақ сарапшылардың пікірінше, нақты көрсеткіш 176% болуы мүмкін.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

3 дня ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

4 дня ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

5 дней ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

5 дней ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

5 дней ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

7 дней ago