Ұрланған көліктерге жалған нөмер жасап келгендер ұсталды

Алматының екі тұрғыны бұл әрекеттерін арнайы гараждарда жасап келген.

Көлік құралының сәйкестендіру нөмірін қолдан жасау, жою, көлік құралын қасақана жалған сәйкестендіру нөмірімен сату дерегі бойынша полиция қызметкерлері Алматы қаласының екі тұрғынын ұстады.

ҚР ҚК-нің 386-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыс жасады деген күдікпен 1984 жылы туған С.есімді азамат және 2001 жылғы К.есімді азамат ұсталды. Күдіктілер жұмыс істеген гаражда жиынтық деректерін ауыстыру үшін дайындалған түрлі маркалы 10 көлік табылды,

деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Дидар Аханов.

Күдіктілер бұрын сотталған. Олар жиынтық деректерін өзгертумен айналысқанын мойындады. Сондай-ақ, гаражды тексеру кезінде барлық металдар, автокөліктерден алынған қағаз белгілер, бірнеше мемлекеттік нөмірлер, жазулары бар блокноттар, ноутбук, мониторлар мен процессорлар табылды. Олар заттай айғақ ретінде қылмыстық іске қоса тіркелді.

Криминалистер, жиынтық деректерді өшіру немесе өзгерту үшін қолданылатын екі лазерлік таңбалау аппаратын, әріптік және сандық белгілері бар металл баспаларды, көлік құралдарының жиынтық деректеріне ұқсас қаріптерді тәркіледі.

Қазіргі уақытта сәйкестендіру нөмірлері өзгертілген көліктерді анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Күдіктілер қамауға алынды.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

1 день ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

2 дня ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

3 дня ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

3 дня ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

3 дня ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

5 дней ago