Categories: Саясат

Жаңа президент бізді ауыр үш дерттен құтқара ала ма?

Біздің елге тән үш дерт бар. Жемқорлық, өтірікшілік, әрекетсіздік…

Сайлаудың алдын ала нәтижесі жарияланған соң, президент өзін ұсынған коалиция алдында алғашқы сөзін айтты. Сөйлегенде, «Көпшілік халық бізге сенім артты. Біз үшін ең құндысы – халықтың сенімі» деп бастады сөзін.

Ия, көпшілік сайлаушының сенім артқаны даусыз. Себебі сенім артарлық басқа кандидат болған жоқ. Ондай балама тұлға болған күнде де, көпшілік дауысын Тоқаев алатыны анық еді. Өйткені барлық жақсылықты биліктен, басқарушыдан – басқаның көмегінен күтуге дағдыланған жұртпыз.

Одан ары қысқа сөйлеген президент аса салмақты бес сөйлеммен шектелді.

  • Бұл сайлау жаңа саяси дәуірге жол ашады.
  • Барлық билік институттары түгел жаңартылады.
  • Конституциялық реформаны толығымен және нақты жүзеге асырамыз.
  • Еліміздің саяси құрылысын жаңа қалыпқа түсіреміз.
  • Халқымыздың әл-ауқатын арттырамыз.

Бұл сайлауалды уәде емес. Сайлану үшін айтылған сөз емес. Бұл – «өгізі судан өткен», 7 жылға президент болып сайланған азаматтың сөзі. Саяси және әлеуметтік салмағы түпсіз сөз.

Президенттің аузынан айтылған бес сөйлем сөз айтылған жерде қалып қоймаса, ол – шын мәнінде ұлы мақсұт. Бірақ мемлекет басқару жүйесінде бұны орындауға мұрсат бермейтін үш ауыр дерт бар.

Ең ауыры – ЖЕМҚОРЛЫҚ. Өткен шақтағы мемлекеттік бағдарламалар, оған салынған ауқымды қаржының көбі мемлекет ақшасын тонау мақсатында жасалды.

Ондайды еш шімірікпестен анасы мен баласы, әкесі мен қызы бірлесіп ұйымдастырды. Үкімет басқарғандар мен министрлер бірлесіп жоспарлады. Бюджетте ақша жоқ болса, шетелден қарыз алып тұрып ұйымдастырды. Соның жұрт көзіне көрініп тұрған біреуі – LRT.

Анау жылы LRT-ны салып жатқан Қытай кәсіпкерімен сөйлесіп қалып: «Миллиардтаған қаржының қайтатынына қандай кепіл бар?» – дедім. «Мемлекетіңіздің иелік құқымен кепілдендірілген», – деді. Бірер сәтке тынысым тоқтап қалды. Көпке дейін есімді жия алмай жүрдім. Ойпырай, не деген құлқын! Тура мағынада мемлекетті сату ғой бұл.

Бүгін сайланған президентіміз солардың арасында жүрді. Кімнің – кім екенін жұрттан жақсы біледі. Енді осынша ауыр қылмыстық жүйеге қалай тосқауыл қояр екен?!

Екінші үлкен кедергі – ӨТІРІКШІЛІК. Бір үлкен ауданның аппарат басшысымен сөйлесіп отырмыз. Ауданның жылдық жұмысы, бидайы, арпасы, қызылшасы, көкөнісі, төрт түлігінің санағы – бәрін жасап, жоғарыға жолдайды ғой. Облыстан ойбайлап телефон шалады: «Мына сандарды екіге көбейт. Өйтпесең – жұмыстан кетесің! Сен ғана емес, мен де, әкімдерің де кетеді!..». Яғни, үкімет жариялап отырған сандар мен көрсеткіштердің бәрі өтірік. Өтірік үкімет!

Енді әлгі әкімдер жаңа президентке «ана жолы өтірік айтып едік» деп, жартысы жоқ сандармен жаңаша ақпар бере алар ма екен?!

Үшінші үлкен кедергі – ӘРЕКЕТСІЗДІК. Барлық билік тармақтары тапсырма орындауға құрылған. Жасампаздық, өңірлік жоба жоқ. Бұлайша өзіндік мақсат ұсыну – бүлдіру саналады.

Өткен жылы Шығыстағы бір ауданға барғанмын. Ішкі саясат бөлімі көлік берді. Жүргізуші жігітпен сөйлесемін ғой. Жалақысы 54 000 теңге екен. Келіншегі, екі баласы бар. «Мұндай жалақымен жүргізуші ұстай алмаймын» дейтін бір кісі жоқ. Ондай басшыдан, ондай билік тармағынан не талап етесің?!

Фото: Алмас Ахметбекұлы

Қарапайым азаматтарды айтпағанда, мемлекеттік қызметкер, билік тармақтарының өкілдерінен мемлекеттік, ұлттық иелік, құқық міндеттілігі талап етілуі – ант қабылдауы шарт. Бұл үлкен әңгіме. Онсыз мемлекетті тонау психологиясын жеңу мүмкін емес.

Осыдан 40 жыл бұрын Қытайда өзгеріс басталды. Онда да отыз жылдай билікте отырған Мао өліп, енді Дың Шиаопиңге билік тиген соң басталған реформа еді.

Реформатор «Ой-сананы азат ету» деген сөзді бірінші кезекке қойды. Сөйтсе, отаршылдардан азат болғанына оған дейін отыз жыл болса да, миллиард халықтың ой-санасы құлдықта екен ғой. Жеке еңбек қабілеті, ұйымдастыру қабілеті, өндіру қабілеті одан ары биіктегенде, ұлт өкілі ретіндегі иелік құқық сезімі оянбай – тұтас халық ретінде ой-сана азат болмай, азат мемлекетті құру, оның өндірісін өркендету, оны қорғау, оның болашағын жасау мүмкін болмайды екен.

Қытай реформаторының бір бақыты сонша саясиланғанымен, Мао басқарған Қытай билігінде жемқорлық жоқ еді. «Мысықтың ағы не, қарасы не? Тышқан алғаны керек» деген Дың ұлтын – ұлы мемлекетін он жылда оңады.

Біздің президент ақ демей, қара демей, қабілетті жігіттерді жанына тарта алар ма екен?

Президентке сенім артқан жақсы ғой. Мемлекет президенттікі ғана емес. Мемлекет сенікі, менікі, балаларымыздікі – кез келген қазақтыкі.

Өз әрекетімізбен, өз санамызбен, өз жасампаздығымызбен жұмыс істеуге көбіміз бейімделмедік. Соған бейімделейік! Өз күресімізбен жетуге, мызғымас мақсаттар үшін бірігуге дағдыланбадық. Соған дағдыланайық! Бұның бәрі сананың бұғауланғанынан. Білім мен сауат бола тұра, азат ақылдың жоқтығынан. Өз мүлкің мен мүмкіндігіңе иелік сананың жоқтығынан болады. Соны сезінейік,

деп ақтарды ішкі дертін ақын Алмас Ахметбекұлы.
Сая Манарбековна

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

3 часа ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

24 часа ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

2 дня ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

2 дня ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

2 дня ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

4 дня ago