Categories: Саясат

Біз әлі бұрынғыдай бір адамға тәуелдіміз — Марғұлан Сейсенбай

Кәсіпкер Марғұлан Сейсенбай алдағы 7 жылға президент болып сайланған Қасым-Жомарт Тоқаевтан қандай өзгерістер күтетінін айтты. Ол президент айналасындағы жағымпаздар мен жарамсақтарға еріп кетпейді деп үміттенеді.

Өздеріңіз көріп тұрғандай, біз не ойласақ та, бізге тек бір Жаратқанға және адамның өзінің адамгершілігіне ғана үміттенуге тура келеді. Өкінішке қарай, бізде тежемелер мен теңестірмелер жүйесі жоқ. Біз әлі сол бұрынғыдай бір адамға тәуелдіміз,

дейді Сейсенбай.

Сондықтан да, оның ойынша президент шынымен де еліміздің болашағын ойлайтын болса, ол ең бірінші еліміз бір адамға тәуелді болмайтындай етуі керек. Елімізде тәуелсіз парламент, сот, журналистер мен қоғамнан тұратын жүйе пайда болуы керек. Сонда ғана президенттің миссиясы толық орындалды деп есептейді.

Әйтпесе, өтірік басқару, өтірік әділдік пен көзбояушылық экономика бола береді. Біз мұның бәрін көрдік. Қысқасы, болашағы жоқ ел, дейді кәсіпкер.

Сондай-ақ, ол президенттен мына қадамдардың орындалуын күтетінін айтты.

«Қазіргі және алдағы уақыттағы әділдік жайлы көп сөз болды. Бұл өте жақсы! Әділдік – дамудың негізі! Бірақ халық оған сенуі үшін өткенді, яғни Назарбаевтан қалған мына мәселелерді шешіп алу керек:

— Ескі саяси режимнің барлық құрбандарын ақтау.

— Заңсыз шығарылған барлық активтер мен ақшаларды қайтару. Бірақ бұл жерде бір ньюанс бар. Бұл ақшалардың бәрі ресми түрде банктер арқылы заңды түрде шығарылған. Ал шенеуніктерде мұндай байлық қайдан бар? Егер олар өздерінің байлықтарын қайдан шыққанын дәлелдей алмаса, онда қылмыстық іс қозғап, тәркілеу керек.

— Тартып алынған барлық активтерді бұрынғы иелеріне қайтару. Назарбаев билік құрған уақытта біраз бизнесмен активтерінен айырылды. Жеке өз басым 6 млрд. АҚШ долларынан айырылдым. Мен тіпті менен және отбасымнан активтерді тартып алғандардың барлығының аты-жөндерін айтып бере аламын. Мен активтерінен айырылған басқа да бірнеше адамды білемін. Ал елімізде мұндай адамдар жетіп артылады. Сондықтан да тарихи әділдікті қалпына келтіріп, барлық активтерді бұрынғы иелеріне қайтаруды талап етеміз.

— Жекешелендіруден бас тартып, Назарбаев отбасының қолына түскен барлық негізгі нысандарды мемлекет меншігіне қайтару.

— Бұрынғы билік кезінде жоғары лауазымда болған барлық мемлекеттік орган басшыларын ауыстыру.

Енді сайлаудан кейін президенттің қолында тарихи әділдікті қалпына келтіруге қажетті барлық тетіктер мен өкілеттіктер бар. Осы қадамдардан кейін ғана әділдік орнап, болашақ Әділетті Қазақстанды бірге құруға болады дей аламыз», — деп есептейді Сейсенбай.

Ал әзірге инаугурацияда, құрметті орындарда әділетсіз Қазақстан отырған кезде, жаңа, Әділетті Қазақстанға сену қиындау, дейді кәсіпкер.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

11 часов ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

1 день ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

2 дня ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

2 дня ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

2 дня ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

4 дня ago