Categories: Қоғам

Төтенше жағдай: Аязда жылусыз қалған Екібастұз тұрғындарының қазіргі жағдайы қандай?

Бүгін Павлодар облысының Екібастұз қаласында жылу желілеріндегі апатқа байланысты төтенше жағдай жарияланды.

Павлодар облысында нағыз қыстың ызғары. Далада 30 градус аязда Екібастұздың тұрғындары жылусыз қалды. 70 пайызының тозығы шыққан жылу құбырларының орталығындағы бірнеше қазанагрегат істен шыққан. Ресми мәліметке қарағанда, 27 қарашада сағат 01:20-да №11 қазанагрегат тоқтап қалған. Сағат 01:30-да желілік судың көп шығындалуына байланысты №13, 14, 15 қазандық агрегаттары жұмыс істемей қалды.

Көп кешікпей, жөндеу бригадалары №8 және №14 қазанагрегаттарын іске қосуға тырысты. Кейін ЖЭО-да 4 қазандық іске қосылды. Орамдық желілерде 5 ақау анықталды, басқа да зақымдануларды іздеу жұмыстары жалғасуда. Қала, облыс, «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ жағдайды тұрақтандыру үшін барлық қажетті көмекті аямады. Облыс басшысы Әбілқайыр Сқақов жедел штаб құрып, ақаудың шығу тетігін жоюға кірісті.

Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, таңертеңгі жетідегі жағдай бойынша 52 орталық жылу пунктінен қуат алатын 17 көпқабатты үйде әлі күнге дейін жылу жоқ. Сондай-ақ үш көпқабатты тұрғын үйде де салқын. Бес әлеуметтік нысан жылу желісінен ажыратылған.

ҚР «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 48-бабына сәйкес Екібастұз қаласының аумағында жылу желілеріндегі апатқа байланысты қала әкімі техногендік сипаттағы жергілікті төтенше жағдай жариялады.

Апаттық режим төтенше жағдай аймағындағы жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары толық аяқталғанға дейін күшінде болады.

Қазір белгілі мәліметке сай, Екібастұзда 12 эвакуация пункті іске қосылды. Аталған пункттер  халыққа көмек көрсету үшін барлық қажетті құралдармен жабдықталған. Сонымен қатар қалада сенім телефоны жұмыс істейді.

Өткен тәулікте қалада жылу желілерінің айналымы сақталды. Түнде 149  көпқабатты тұрғын үйдің 129-ы, 15 әлеуметтік нысанның 10-ы  жылу желісіне қосылды. Қосымша төрт қазандық іске қосылды, барлығы алты қазандық істеп тұр. 

Екібастұз қаласының білім беру нысандары қашықтықтан оқыту форматына көшірілді. Балабақшалар жұмыс істемейді. Павлодар қаласына 123 адам көшірілді, оның ішінде: білім беру саласында – 84 адам, денсаулық сақтау саласында – 39 науқас.

Медициналық мекемелердегі температура режимі күндіз 20-25ºС аралығында сақталады, бұл санитарлық нормаларға сәйкес келеді. Екібастұз қалалық ауруханасында 269 науқас (оның ішінде 92 бала), перзентханада 37 науқас (оның ішінде 19 бала) жатыр.

Апатты қалпына келтіру жұмыстарына барлығы 138 адам мен 35 техника жұмылдырылған. Бұрын анықталған 15  ақаудың 14-і жойылды. Күннің бірінші жартысында 20  көпқабатты тұрғын үйге қатысты жағдайды толығымен шешу жоспарлануда.

Екібастұзда орталық жылу берудің тоқтап қалуынан хабардар болған Президент қала тұрғындарының жағдайына алаңдаушылық білдірді. Тұрғындарға тиісті көмек беріледі. Мемлекет басшысының пікірінше, азаматтардың тұрмыс-тіршілігіне қиындық тудыруға және олардың құқын аяқасты етуге жол беруге болмайды.

Мемлекет басшысы Үкіметке және облыс әкімдігіне таяу күндері Екібастұздағы жағдайды қалыпқа келтіру, қаладағы ауыр ахуалға жол берген адамдарды жауапқа тарту жөнінде тапсырма берді.

Суық пәтерлерде қалған халықтың, оның ішінде кішкентай балалардың жағдайы ел тұрғындарын бей-жай қалдырмады.

әлеуметтік желіден алынған

Алматы мен Астана еріктілері Екібастұзға гуманитарлық көмек жинауды бастап кетті. Жылы заттар мен жылытқыштар ең керек дүниеге айналды. @Рoiskoviki_ekibas_vita еріктілері кеше түннің бір уағына дейін аязда жұмыс істеп жатқан адамдарға ыстық шай таратты. Көмек көрсетуге ниетті жандар  жылытқыштар, жылы көрпелер, шұлық және басқа да заттармен  көмектесе алады. Сондай-ақ, көшеде осындай қиын уақытта жұмыс істейтін адамдарды жылыту үшін термос қажет.

Егер материалдық көмек көмектесуге мүмкіндік болса, Kaspi gold картасы 8 (747) 615 55 63  WhatsApp нөмірге тіркелген. (Екатерина «Павлодар қаласының іздеушілері VITA» ҚБ басшысы).

Сая Манарбековна

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

10 часов ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

1 день ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

2 дня ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

2 дня ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

2 дня ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

4 дня ago