Құрбан айт күні әдейі Құранды өртеген

Швецияда тағы да Құран өртеу акциясы өтті. Бұл жолы қасиетті кітапты Ирактан келген 37 жастағы босқын өртеп жіберген. Ол екі апта бұрын Құранды өртеу акциясын өткізетінін айтып, Стокгольм қаласының билігінен ресми рұқсат алған көрінеді. Ал акциядағы қауіпсіздікті полиция қызметкерлері қамтамасыз еткен. Ирактан келген босқын акцияны арнайы Құрбан Айттың бірінші күніне қойғанын айтты.

Құран кітабын өртеуге рұқсат берген Швеция билігіне қарсы қазір елде мұсылмандар бас көтеріп жатыр.

Бұдан бөлек БАӘ, Ирак, Иран, Марокко, Түркия мемлекеттері де наразылық ноталарын жолдаған.

Антиисламдық акцияны бұл жолы Ирактан келген, өзін мұсылманмын деп атаған Салван Момика жасаған. Ол акция алдында «Мен Стокгольмдағы ең ірі мешіт алдында өзімнің қарсылығымды танытып, Құранды жыртып, өртеп жіберемін» деп мәлімдеме жасаған еді.

Салван бұл акцияны Швеция еліне кесірі тимеу үшін кейінге шегеруді ойлағанын, алайда Құрбан Айт кезінде акцияны іске асыру үлкен эффект беретінін ескеріп, 28 маусымда акцияны өткізуді жөн санағанын да айтты. Алғаш рет акцияны сәуір айында өткізуді жоспарлаған екен. Момиканың сөзінше бұл акцияның кесірінен Швецияның НАТО-ға кіруі қиындамауы тиіс деп санайды.

Ислам дінінің қасиетті кітабын өртеу, қорлау әрекеттері Швецияда алғаш рет өтіп тұрған жоқ. Бірнеше ай бұрын Расмус Палудан есімді белсенді Швециядағы Түркия елшілігінің алдында Құранды өртеп, әлемді шулатқан болатын. Артынша Түркия өз қарсылығын білдіріп, Швецияның НАТО-ға кіруін бұғаттап тастады. Ирактық босқынның акциясынан кейін де Түркия қарсылық танытып, алдағы саммитте Швеция НАТО-ға кіре алмайтынын меңзеді.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Студенттердің тамақтануы: фастфуд басым болып келе ме?

«Денсаулық» Ұлттық қауымдастығы» ЗТБ және Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU) Алматының студент жастарының салауатты өмір салтына…

10 часов ago

Ақтауда мектеп күзетшісі оқушы қызды зорламақ болды

Оқиға 11-шағын ауданда орналасқан №10 мектепте жексенбі күні болған, деп хабарлады sadaqmedia.kz. Білім беру ұйымының…

17 часов ago

Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын…

17 часов ago

СҚО-да аудан әкімінің орынбасары парамен ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті облыс аудандарының бірінің әкім орынбасары мен…

17 часов ago

Халықты оңтүстіктен солтүстікке қоныстандыруға бөлінген ақша ұрланды

Павлодар облысының прокуратурасы «Қуатты өңірлер - ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасын іске асыру аясында (азаматтарды оңтүстік аймақтардан…

2 дня ago

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

Президентке Мәдениет және ақпарат министрлігінің атқарған жұмыстарының нәтижесі, сондай-ақ ведомствоның алдағы қызметі барысында қолданылатын перспективті…

3 дня ago