Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Шолу > Әлеуметтік желіге шолу > «Әруақты ұмытқандар». Қазақтар жабылып жүріп сәтсіз ескерткішті бұздыртты
Әлеуметтік желіге шолу

«Әруақты ұмытқандар». Қазақтар жабылып жүріп сәтсіз ескерткішті бұздыртты

Анара Бауыржанқызы
Анара Бауыржанқызы 12.09.2022
Обновлено 13.09.2022 в 09:09
Поделиться
Поделиться

Әлеуметтік желі қазақтарын тағы бір сурет әбігерге салып қойды. Бұл жолы Ұлытау облысындағы Жаңаарқа ауданында қоғам қайраткері, публицист, жазушы, этнограф Ақселеу Сейдімбектің 80 жылдық құрметіне ашылған ескерткіш дауға себеп болды. Ескерткіштің түр-сипатын әлеуметтік желі қолданушылары сынап, мұндай жұмысты қабылдап алған тапсырыс берушілерді сөкті. Жұрттың пікірінше, көзі тірісінде қазақ әдебиеті мен тарихына мол еңбек сіңірген жазушы бұдан да зор, әдемі мүсінге лайық. 

Бір қызығы, ескерткіштің салтанатты ашылуы кезінде оның бет-бейнесіне қатысты бірде-бір сыни пікір айтылмаған. Іс-шараға Жаңаарқа облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы да қатысып, тағзым жасаған.

Алаш арыстарының соңғы тұяғы Ақселеу Сейдімбек ағамыздың рухына тағзым етіп, құран бағыштадық. Алла рухын биік етіп, жаны жәннәтта болғай! Ағамыздың 80 жылдық тойына қатысып, көп рухани әсер алдым. Торқалы тойға шақырған Несіп ағама шексіз ризамын. Өз елі мен халқын бар жан дүниесімен сүйе білген, бар өмірін қазақтың тарихы мен әдебиетін, өнері мен салт-дәстүрін, фольклоры мен этнографиясын зерттеуге арнаған, зерттеп қана қоймай оларды ғылыми түрде негіздеп, келешек ұрпаққа орасан зор мұра қалдырған Ақселеу ағамыздай тұлға, сірә, қайта тумас»,

деп жазған салтанатты ашылуға қатысқан Бақытжан Бимбетов.

Әңгіме ескерткішті Facebook әлеуметтік желісіне жүктегеннен кейін басталды. Гүлнара Әбішева есімді қолданушы қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматовтың құрметіне жасалған ескерткішпен параллель келтірді.

Сорлы, қазағым-ау! Шыңғыс Айтматовтың мына мүсіні Петербордағы И.Репин атындағы архитектура институтының студенті Тамила Маматованың диплом жұмысы екен. Қалай керемет жасалған! Енді Қарағанды облысы өз елінде Ақселеу Сейдімбек ағамызға орнатқан мына мүсінге қараңыздар! Позор!

Белгілі этнограф-жазушы, әдебиет зерттеушісі, ғалым, филология ғылымының докторы, профессор, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. Халқымыздың тарихын түгендеп, дәстүрін дәуірлеткен халқымыздың өр рухының, өнегелі салтының, өрелі қалпының аса көрнекті өкілі бола білген, ұлт руханиятының жанашырын мазақ қылғандары ма?,

деп ашынды Әбішева.

Журналист Нурадин Ракай ескерткіштің бет-бейнесін әйгілі «Аватар» кейіпкеріне ұқсатқан.

Аватарға ескерткіш ашылды ма десем. Ақселеу деп жазылып тұр. Әшейінде мақұлдауы қиын министрлік мынаған қалай рұқсат берген? Тізесі бір қарыс, ана қолындағы таяққа сүйенсе тоңқалаң асады ғой,

деп жазған Ракай.

Доцент Райхан Имаханбет мұндай жұмысқа қаржы берген де, қабылдаған адам да Құдай мен әруақты ұмытқандар дейді.

Алыптардың абыройы мен биіктігін көреалмайтын “құныстардың” тірлігі ғой бұл. “Құдай ұрған оңалады, әруақ ұрған оңалмайды” деген ата-баба сөзін ескермейтіндердің ессіздігі — ертеңгі күні ұрпақ безбені мен тарих таразысына түсетінін ұмытпаңыздар,

деді доцент.

Журналист Қали Сәрсенбай мұндай талғамсыз ескерткіштердің пайда болуына елдің рухани-мәдени тұрғыда дағдарыста жатқанының белгісі. Оның пікірінше, елдегі орнатылмақ кез келген ескерткіш ең алдымен Мәдениет министрлігінің сүзгісінен өтуі тиіс. Оған Мәдениет министрі тікелей жауапты болу керек.

Қысқасы еліміздегі барлық ескерткіштерге ревизия қажет. Бұлай болмаған күнде көрінген көк атты есігінің алдына бабасының, атасының ескеркішін орнатып, бұл бассыздық жалғаса береді.

…Ескерткіші еңкіш елдің еңсесі ешқашан көтерілмейді,

деп жазды Сәрсенбай.

Дау ушыға түскен соң Жаңаарқа ауданы әкімі Юржан Бекхожин БАҚ-қа түсінік беріп, ескерткіш қайта демонтаждалатынын мәлімдеді.

Құрметті қауым!

Бүгін, Жаңаарқа ауданы, Жаңаарқа кентінде Ақселеу Сланұлы Сейдімбекке арналып ескерткіш бой көтерген болатын. Бұл ескерткішті Ақселеу Сланұлының інісі Асылхан Сейдімбек өз қаражаты есебінен жасатып, барлық құжаттары дұрыс екендігін жеткізген. Алайда, бүгінгі күні жаңадан ашылған ескерткішке қатысты азаматтар тарапынан бірқатар наразылықтар туындауда. Ақселеу мүсіні менің де көңілімнен шықпады. Осыған орай, ескерткішті тапсырыс берушілерге қайтару туралы шешім қабылданды. Орнына талапқа сай, тұлғаның бейнесіне сәйкес келетін ескерткіш қою үшін тиісті шаралар қолданылатын болады,

делінген аудан әкімінің хабарламасында.

Көп ұзамай Желіде ескерткішті бұзып жатқаны түсірілген сурет пайда болды.

Ақселеу Сейдімбек 1942 жылы 12 желтоқсанда қазіргі Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданындағы Байдалы би ауылында туған.

Отызға тарта көркем, ғылыми-көпшілік және монографиялық кітаптардың авторы. Гомердің «Илиада», «Одиссея» дастандарын қара сөзбен аударған. И.Можейконың «7 және 37 керемет» (1998) кітабын тәржімалаған. Шығармалары оннан астам шет тіліне аударылған.

Ақселеу Сейдімбек 2009 жылы 16 қыркүйекте Нұр-Сұлтанда қайтыс болды.

ТЕГи: Главное, Трендте
Анара Бауыржанқызы 12.09.2022
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?