Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Басты жаңалықтар > Жемқорсыз Жаңа Қазақстанды армандаймын – Шораев
Басты жаңалықтарСаясат

Жемқорсыз Жаңа Қазақстанды армандаймын – Шораев

Сая Манарбековна
Сая Манарбековна 21.11.2022
Обновлено 21.11.2022 в 05:11
Поделиться
Фото: ашық дереккөзден
Поделиться

Белгілі қоғам қайраткері, кәсіпкер Арман Шораев «Жаңа Қазақстанның» қандай болуы керектігіне тоқталып, Қазақ елі биліктен нақты қандай өзгерістер күтетінін айтты. Бұл туралы «Адырна» ұлттық порталы жазады.

Санаға салмақ салмаған сайлау өтті. Жеңімпаз анық. Әрі қарай не болмақ?!

Мен жаңа Қазақстанды көруді армандаймын. Барлық адам заң алдында бірдей болатын әділетті, жаңа Қазақстан.Онда судья болу барынша құрметті әрі жауапты. Себебі, судья ешкімге тәуелді емес. Президентке де, сот төрағасына да тәуелсіз. Өзінің ар-ожданы, халыққа берген антынан басқаға алаңдары жоқ. Жақсылығы мол жаңа Қазақстанда кенттік және облыстық әкімдерден бастап барлығын халық сайлайды. Демек, олар қарапайым халықтың игілігі үшін жұмыс істейді, бюджет ақшасын ұрламайды. Ешкімге қажеті жоқ мега жобалардың орнына барынша сапалы әрі арзан білім ошақтары мен тамылжыған саябақтар, саясы мол скверлер, теп-тегіс, айнадай жалтырап жатқан жол салады. Бал күлкілі балалар бала бақшаға, мектепке тегін барады. Заман талабына сай сапалы және лайықты білім алады. Білім ошақтарында тегін әрі дәмді тағамнан татады. Барлық жерде де. Тіпті, шалғайдағы шағын ауылдарда да,

деп жазды Шораев.

Арман Шораевтың айтуынша, бюджеттен ақша ұрлау Отанға опасыздық жасаумен тең.

Арман Шораев

Жаңа әлемде ана болу өте құрметті әрі пайдалы. Өйткені, бірінші баладан кейін отбасы жеңілдетілген пайызбен ипотека алуға құқылы, әрі ипотека 30 пайызға азаяды. Төртінші сәбиден кейін ипотекалық қарыздан біржола босатылады. Жаңа Қазақстанда бюджеттен ақша ұрлау Отанға опасыздық жасаумен тең. Сол себепті қатаң жазаланады. Мемлекеттік қызметкер болу құрметті, бірақ, олар бай емес. Мемлекеттік қызметкер барлық жағдаймен қамтамасыз етілген, сөйте тұра өзіне ешқашан Бентли сатып алып, аумағы үш гектар жерге сәулетті вилла сала алмайды. Онда студенттер жоғары оқу орындар тегін оқиды әрі нақты білім алады. Жеке университеттер деп аталатындардың көпшілігі жабылады. Іле ұмытылады. Жаңа Қазақстанда балалар үйі мен қарттар үйі болмайды. Өйткені, қариялар мен балаларды тастап кету қолайсыз әрі тиімсіз. Барша азаматтар мемлекеттік тілді мейлінше жақсы біледі әрі құрметтейді. Қазақ тілін жетік меңгеру үшін барлық есік ашық, тіл білгендер артықшылыққа ие. Көлікті түнде ашық қалдыра аласыз және оған алаңдамайсыз. Өмір сүру деңгейі өте жоғары болғандықтан, біреудің мүлкін ұрлау арқылы өмір сүрудің еш қажеті жоқ. Кез-келген жұмысшы, күзетші, құрылысшы, жүргізуші және басқа мамандық иелері жақсы жалақы алмақ. Жаңа Қазақстанда кәсіпкерлер өз есеп шоттарындағы мыңғырған миллиондардың саны емес, жұмыс орындарының санын мақтаныш көреді,

дейді Арман Шораев.

Шораевтың пайымдауынша, елімізде жемқорлық түбімен жойылса, шетелдік инвесторлар елімізге инвестиция құюға кезекке тұрады.

Әлемнің түкпір-түкпірінен миллиондаған туристер біздің елдің дидарын көрсек деп дәметеді. Олай болатын себебі, ежелгі ертегілердегідей жақсы да жайлы қонақ үйлер салынған. Керемет табиғат, шағын авиациялық ұшақтар, тегіс жолдар, қауіпсіз орта кімді болсын қызықтырмай қоймайды. Онда барлық дамыған елдердің инвесторлары біздің елімізге инвестиция салу үшін кезекке тұрады. Себебі, жемқорлық та, ұры шенеунік те жоқ. Ал, әділ заң жекеменшік құқығын және оның мызғымас беріктігін қорғайды. Онда көлік кептелісі болмайды, қалалардың үстіндегі қара түтін жоқ. Заңсыз құрылыстар бұзылған, оның орнын гүл көмкерген саябақтар мен ажарлы алаңдар басқан. Жаңа Қазақстанда тұру пайдалы әрі тиімді. Ауыл тұрғындары өз елін ғана емес, жер шарының жартысын қажетті өнімдермен қамтамасыз етеді. Жастар бір-бірін сүйіп қосылады. Олар тұрақты табысқа кенелген әрі қанағатты біледі. Жаңа Қазақстанда өте кәсіби әскер бар. Сондықтан, көршілер көзін алартады деген қорқыныш жоқ. Онда азаматтар шет елдердегі ең жақсы сыбағаны іздемейді. Өздерінің көк түсті төлқұжаттарымен мақтанады. Осындай төлқұжаты бар адам әлемнің кез-келген елінде қалаулы және визасыз қонақ есебінде,

дейді кәсіпкер.
ТЕГи: Қазақстан, Сарапшылар ойы
Сая Манарбековна 21.11.2022
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?