Екі күннен бері Ақтаудың бірнеше шағынауданында ыстық су жоқ. Балабақшадағы жылу батареялары істемейді. Мектеп оқушылары сабақ кезінде сырт киіммен отыруға мәжбүр.
Ақтауды жылумен қамтуға жауапты «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС бұл мәселені жуырда жөнделген нысанның қайта бұзылуы деп түсіндірді.
Маңғыстау облысының әкімі ақауларды тез арада түзетуді тапсырып, кәсіпорын басшылығына сөгіс жариялады. Ал жауаптылардың қатарында облыс әкімінің орынбасары, қала әкімі – жалпы бес-ақ адам бар.
Бүгін, ертең таңертең су береміз деп бос уәде берудің қажеті жоқ, әйтеуір халық сқрақ қоймаса болды. Үллкен проблемалар таппас үшін мәселені кешенді түрде шешу керек. Бұл жағдай коммуналдық қызметтер мен уәкілетті органдардың жұмысындағы нашар үйлестіруден туындады,
деді Нұрлан Ноғаев.